Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

№89 газет

22 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Бала тәрбиесіне бәріміз жауаптымыз

Бала тәрбиесіне бәріміз жауаптымыз

Аудандық газеттің 28 мамыр күнгі нөмі­рінен «Тәртіптің тетігі – тәрбие» тақыры­бындағы мақаланы оқыдым. Кеңей­тілген мә­жілісте бала тәрбиесі, жасөспі­рімдер ара­сындағы құқықбұзушылық мәсе­лесі, түрлі жат әдеттер мен қылмыстар туралы жазылыпты. Аудан басшысының төрағалы­ғымен өткен жиын дер уақытында ұйымдас­тырылып, атқарылар жұмыстардың пысықталғаны қуантты.

Расында да қазір бала тәрбиесіндегі басым бағыттар өзгерді. Мектеп білім берумен қатар тәрбие жұмыстарын да ұйымдастыруда. Оған құқық қорғау органдарының профилактикалық жұмыстарын қоссақ, мә­селе туындамауы керек еді. Бірақ соңғы кездері балалардың құқықбұзушылығы, жасөспірімдердің түрлі жат әдеттерге құмар болуы жиілеп кетті. Бұл мәселенің күн санап өзектілігі артуда. Бұл ретте ата-аналар комитетінің жұмысын ұйымдастырған, сол арқылы ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлін арттырған дұрыс деп есептеймін.

Халқымызда «Баланың бас ұстазы – ата-ана» деген тағылымды сөз бар. Ата-ананың берген тәрбиесін қоғам, мектеп, құқық қорғау органдары бере алмайды. Әр ата-ана баласының тәртібін күнделікті бақылауы керек. Бақылауды босаңсытып, назардан тыс қалдырсақ, бала қылмысқа, құқық­бұзушылыққа, жат әдетке ұрынады, үйір болады. Газетте жарияланған мақаланы оқи отырып, осы пікірімді баспасөзге ұсынуды жөн көрдім.

М.БАКУОВ,
аудандық мәслихаттың депутаты
Фото: newqazaq.kz
01 маусым 2024 ж. 224 0