Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Баланың бас ұстазы-ата-ана

Баланың бас ұстазы-ата-ана

Аудандық мәдениет үйінде аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Баланың бас ұстазы-ата-ана» тақырыбында кеңейтілген аудандық ата-аналар жиналысы өтті.

Шараға аудан прокурорының орынбасары Ғалымжан Манасұлы, «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының директоры Шәкизат Қаратайұлы, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен ата-аналар қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары Байдушев Димаш Серікбайұлы қатысушыларға форум қонақтарын таныстырып, шараның мән-мазмұнын жеткізді.
Білім саласының ардагері Алтын Нұртайқызы және №210 орта мектептің ата-аналар комитетінің төрайымы Серіккүл Тұрсынбекқызы бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі мен мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы байланыс жайында хабарлама жасады.


Өз кезегінде «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының басшысы Шәкизат Қаратайұлы бірлестіктің мақсаты мен атқарып жатқан жұмыстары жайлы ақпараттар беріп, бірлестіктің миссиясы қоғамда саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру екенін атап өтті. Шараға барысында ата-аналармен еркін пікір алмасып, саулдарына ұтымды жауап берді.
18 сәуір 2024 ж. 402 0