Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Сырдария аудандық полиция бөлімінің ЖПҚ Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкері Н.Байжанов және УПИ қызметкері Н.Нурумов Тереңөзек кенті тұрғындарына тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған жедел-профилактикалық шараларды жүргізді.

Іс-шара барысында кент тұрғындарына тұрмыстағы зорлық-зомбылықты болдырмау керектігін, ондай жағдай орын алғанда тиісті жауапкершілік қаралғанын атады. Отбасындағы кикілжіңдердің салдары қоғамға қауіпті екеніне, балалар тәрбиесіне де айтарлықтай әсер ететініне тоқталды.

Тәртіп сақшылары кент орталығындағы Ғ.Мұратбаев, А.Иманов көшесіндегі тұрғын үйлерді, сауда дүкендерін аралап, жадынамалар таратты, профилактикалық шолу жұмыстарын жүргізілді.

"ТТ" ақпарат
01 маусым 2022 ж. 649 0