Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұры – қарының серігі, жемқорлық – сыбайластың серігі

Ұры – қарының серігі, жемқорлық – сыбайластың серігі

Ұры – қарының серігі, жемқорлық – сыбайластың серігі. Иә, осы мақалдан-ақ көп нәрсені ұғуға болады. Бүгінгі қоғамдағы ең маңызды мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық. Ол өз заманымен бірге өсіп-өркендеп, дамып, қанатын кеңге жайып келе жатқан аса қауіпті дерт.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін атап, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керектігіне тоқталып өтті.

Тарихы тереңнен алған бұл кеселдің жойылмауына қоғамдағы бірнеше факторлар әсер етеді. Мәселен, заңсыз пара алу, сыбайлас жемқорлық, заңсыз әрекеттер жасау, «қолы да, жолы да ұзын» адамдар, азаматтардың құқығын таптау, т.б. мәселелер етегін жайып отырғаны бесенеден белгілі. "Біз бұл кеселден қалай айыға аламыз?" – деген сұраққа алдымен, жемқорлық неден пайда болды, қалай дамиды, таралу жолдарын анықтап алдын ала дерттің қозуына қолайлы жағдайлардың болуына жол бермеуіміз керек.

Өркениетті дамытқысы келетін, ортасын құрметтейтін әрбір Қазақстан Республикасының азаматы мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз үлесін қосуға мүдделі. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар осы мәселені атқаруға міндетті.

Айталық, Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында жүйелі түрде осы тақырып негізінде түрлі іс-шаралар жүргізіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарсы іс-қимыл туралы семинар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, өткізіліп отырады.

Түпкі мақсат – сыбайлас жемқорлықтан таза қоғам қалыптастыру.

Халық жазушысы Мұзафар Әлімбаев «Жемқорлық – індет, аластау – міндет» деген екен. Сондықтан, бүтін біртұтас ел болып, ұлт болып кіріссек, бұл індеттен айығатынымыз анық. «Заңды бұзған екенсің, оның баптарына сәйкес жауапқа тартыласын» демекші Ата Заңда көрсетілген әрбір бап бойынша әр азамат өз құқықтары мен міндеттерін біліп, заңсыз әрекеттерге жол бермеу азаматтық және адамзаттық борышы деп білемін.
28 мамыр 2024 ж. 225 0