ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕСУ МІНДЕТ
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ҚР Президенті қызметіне ресми кірісу рәсімінде мемлекеттің алдында тұрған 10 маңызды бағыттардың бірі «Сыбайлас жемқорлықты жою» деп белгіледі. Мемлекетімізде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізіліп келеді. Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін жемқорлықтың деңгейін мейлінше төмендетуге бағытталған реформалар топтамасын дайындауды тапсырды.
Ашықтық пен әділдікке негізделген азаматтық қоғам құру – қазіргі күннің басты талабы. Осы талаптың нәтижелі болуы – жемқорлықты жою. Ашықтық пен әділдік жоқ жерде заңға қайшы әрекеттердің белең алуына мүмкіндік мол.
Жемқорлықты дерт деп қарап, оны жою үшін қоғам болып белсенділік танытқан жөн.
Сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарға: қызмет орнын, өкілеттігін асыра пайдалану; заңсыз түрде кәсіпкерлікпен айналысу; заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру; пара алу; пара беру; бопсалау; қызмет орнында алдау; қызмет орнындағы әрекетсіздік және тағы сол сияқты әрекеттер.
Адамдар жеке басының қамы үшін, қызмет дәрежесін жеке мақсатқа пайдаланып, өзіне немесе келесі адамға артықшылықтар беру мақсатында заңсыз әрекеттерге барады. Бұл әрекет сыбайлас жемқорлықты білдіретін белгілердің бірі – парақорлық.
Жемқорлық – үлкен қылмыс, пара алушымен қатар пара берушіге де қатысты жауапкершілік қаралатынын санамызға түйіп, ашық және әділ азаматтық қоғам құру жолында, жемқорлық атты дертті жоюға әрбір азамат өз үлесін қосуы тиіс. Сыбайлас жемқорлықпен күресу – еліміздің азаматтарының парызы. Мемлекет алдындағы борышымызға адал болып, мемлекетіміздің өркендеп өсуіне атсалысайық.
З.Рахымшаева,
аудандық қазынашылық
басқармасының басшысы