Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Стоматология құрылымы

Стоматология құрылымы

Стоматология медицинаның ең бір серпінді дамып келе жатқан саласы. Заманауи материалдар – бұл ауруды сәтті емдеудің негізгі факторларының бірі.

Стоматологиялық кабинеттердің жиһазы, жабдығы, кіші механизация құралдары және жинау мүкәммалы, жуу құралдары дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдардан қолданылады.

Еден және қабырға беттері ішкі әрлеу үшін ылғалға төзімді материал пайдаланылады. Дәрігерлердің барлық қабылдау кабинеттерінде, шынтақты немесе жанаспай ағатын шүмектерді орната отырып, ыстық және суық су өткізілген раковина орнату көзделеді. Кабинеттер қол жууға арналған раковиналармен, сұйық сабыны бар дозаторлармен және антисептик ертіндісімен, бір рет қолданылатын орамалдармен немесе электр орамалдармен қамтамасыз етіледі. Кабинеттерде жеті күнде бір реттен сиретпей күрделі жинау жұмыстары жүргізіледі. Әрбір ағымдағы жинаудан кейін үй-жайды желдете отырып, бактерицидті сәулелегіштер қосылады. Ашық бактерицидті сәулелендіргіштің жұмысы қазақ және орыс тілдеріндегі “Кіруге болмайды, бактерицидті сәулелендіргіш қосылып тұр!” деген табломен сүйемелденеді.

Жинау мүкәммалы (шелектер, шүберектер, швабралар) үй-жайлар мен жинау жұмыстарының түрлері көрсетіле отырып таңбаланады, қатаң түрде тағайындалуы бойынша пайдаланылады. Медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинауға және кәдеге жаратуға арналған контейнерлер мен пакеттермен қамтамасыз ету, таңбалау, толтыру, сақтау мерзімдері, жинау және әкету шарттары бойынша талаптарды сақтау қажет. Медициналық мақсаттағы бұйымдарды дезинфекциялауға, стерильдеу алдында тазартуды, стерильдеуді және сақтауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталуы талап етіледі.

24 мамыр 2024 ж. 141 0