Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ойыншықтарды таңдауда ескеретін жәйттер

Ойыншықтарды таңдауда ескеретін жәйттер

Қауіпсіздік талаптары.

Ойыншықтар және олардың материалдары, конструкциясы баланың немесе оған қараушы адамның денсаулығына, өміріне қауіп келтірмеуі және тәуекел (риск) болдырмайтындай етіп шығарылуы немесе дайындалуы тиіс. Тәуекел дәрежесі болғанда, ол баланың жас ерекшелігін ескере отырып, шығарылуы керек. Ойыншықтар дайындалатын материалдар таза, зарарсыз болуы тиіс. 3 жасқа дейінгі балалар ойыншықтарында таза теріні, таза жүнді, шыныны, ворсты резеңкені, картонды, және қағазды, 3мм және одан да кіші толтырғыш түйірлерді ішкі қаптамасыз, су тигенде 5 % дейін үлкейетін дыбыс шығаратын түйірлі толтырғыштарды пайдалануға, ойыншықтарда 1 сыныпты жұқпалы химиялық заттары бар қоспаларды пайдалануға тиым салынған. Ойыншықтардың қорғаныш-әсемдік қабаттары (қабықтары) ылғалға, ауыз сілекейіне, терге төзімді болуы, ойыншықтар және олардың материалдары, конструкциясы пайдалану кезінде баланың немесе оған қараушы адамның денсаулығына, өміріне қауіп төндірмеуі, физикалық және механикалық қасиеттері бойынша ойыншықтар және олардың құрамдас бөліктері, мақсатына қарай пайдаланған кезде, механикалық әсерлерге төзімді және өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтпайтындай, болмашы күштеуге сына қалмайтындай болуы керек. Ойыншықтардың құрамдас бөліктері, бұрыштары, қатты детальдары, пружиналары, бекіткіштері, болттары, саңылаулары, шығыңқы бөліктері, баулары, қыстырғыштары баланың жарақат алу мүмкіндігін болдырмауы, ойыншықтардағы сұйық толтырғыштардың ағып кету мүмкіндігі болмауы тиіс. Қозғалмалы ойыншықтар балаға жарақат тигізбеуі тиіс. Қозғалтқыш бөліктері (двигатель) баланың қолы жетпейтіндей етіп орналастырылуы тиіс. 3 жасқа дейінгі балаларға және азық-түлікке арналған ойыншықтар мен оның детальдары баланың тыныс жолдарына кіріп кетпейтіндей көлемде болуы тиіс. Жұмсақ ойыншықтар толтырғыштарында қатты, үшкір заттар болмауы керек. Олардың тігістері мықты әрі тегіс болуы тиіс. Ойыншықтар және олардың құрамдас бөліктері баланың тұншығып қалуын болдырмауы тиіс. Ойын ойнауға арналған бас киімдер, шлемдер, маскалар желдетудің жетімсіздігінен баланың тұншығып қалуын болдырмауы тиіс. Баланың денесін су бетінде ұстауға арналған ойыншықтар мықты әрі ауа (су) өткізбейтін (герметикалық) болуы керек. Ішіне бала сиятын және бала үшін жабық кеңістік құрайтын ойыншықтардың ішінен тез ашылатын шығатын жері және желдету, ауа өткізетін тесіктері болуы тиіс. Екі аяқты велосипедтерді қоспағанда, баланы алып жүретін ойыншықтар мықты әрі түрақты, орнықты болуы тиіс. Өзі жүретін механикалық, электр арқылы қозғалатын ойыншықтар тежегішпен жабдықталуы қажет. Баланың қол немесе аяқ күші, механикалық немесе электр арқылы қозғалатын, баланы алып жүретін ойыншықтарды тежегішсіз жасауға жол беріледі. Шынжыр арқылы қозғалатын ойыншықтардың қорғаныш қалқаны болуы керек. Аяқ немесе қол тірейтін жерлер тайғанақ болмауы тиіс. Баланы алып жүретін ойыншықтар мықты әрі түрақты, орнықты болуы және аударып-төңкерілгенде сынып қалмайтындай төзімді болуы керек. Атылатын ойыншықтар және олардың оқтары баланың және оған қараушы адамның жарақаттануын болдырмауы немесе барынша азайтуы тиіс. 10 жасқа дейінгі балаларға арналған конструциялық, моделдік ойыншықтарда дәнекерлеуге (пайка) жол берілмейді. Баланың аузымен жанасатын шылдырмақтарды, т.б. ойыншықтарды тез жұғатын жазулармен, сырлармен бояуға болмайды. Үстелдік-басу ойыншықтарында суреттер анық, айшықты болуы тиіс және қағаздағы, картондағы бояулардың нілденуіне жол берілмейді. Оптикалық ойыншықтар баланың көру қабілетіне зиян келтірмейтіндей етіп шығарылуы тиіс. Диодты шамдары бар ойыншықтар баланың көру қабілетіне теріс әсер етпеуі, зиянды сәулелендірмеуі тиіс.

Ойыншықтарды сатып алу кезінде осы ережелерді есте ұстай отырып алу керек және сатушыдан ойыншықтың сапа сертификатын талап етуге толық құқыңыз бар екендігін естеріңізге саламыз.

Сырдария Аудандық Сэб Басқармасы

30 маусым 2023 ж. 202 0