Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот приставының құзыреті

Сот приставының құзыреті

Сот приставы - мемлекеттiк қызметте тұратын және соттар қызметінің белгіленген тәртібін қамтамасыз ету бойынша өзiне жүктелген мiндеттердi орындайтын лауазымды тұлға.

Сот приставының қызметі – өте жауапты жұмыс. Сот приставы туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 шiлдедегi «Сот приставтары туралы» Заңының 7-бабында- Сот приставы өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында азаматтардан сот қызметiнiң белгiленген тәртiбiн сақтауды, сондай-ақ соттың үй-жайында және сот отырысы залында құқыққа қайшы iс-әрекеттер жасауды тоқтатуды талап етуге, өзiне берiлген құқықтарды қатаң заңға сәйкес пайдалануға және өз қызметiнде азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге жол бермеуге, сотқа келуден жалтарған адамдарды күштеп алып келудi жүзеге асырады деп көрсетілген.

Сот приставы өзiне жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде - iшкi iстер органдары қызметкерлерiнен көмек сұрауға құқылы. Ал құқық қорғау органдарының қызметкерлерi өздерiне заңмен жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру шегiнде сот приставына көмек көрсетедi.

Сот приставының заңды талаптарын барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi!

Сот приставына кемінде жиырма бір жасқа толған, заң жағында оқыған орта немесе жоғары білімі бар, өзiнiң iскерлiк және жеке қасиеттерi бойынша, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша өзiне жүктелген мiндеттердi орындауға қабiлеттi және арнаулы тексерістен өткен Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын адам тағайындала алады.

Сотта әділдік жүзеге асып, тәртіп пен адамгершілік нормаларын аттамай, құқықтық жүйенің қатаң сақталуы қамтамасыз етіледі. Ал сот приставы белгіленген құқықтар мен міндеттеріне осы игі іске сай өз септігін тигізеді.

Сөзімді аяқтай келе, сот приставының атқарар жұмысы жауапкершілікті, сабырлылықты, білімділікті талап етеді. Сот приставына қойылатын талапқа лайықты болуға әр кез дайынмын!

Олжас ДҮЙСЕНОВ,
 Сырдария аудандық соты әкімшісінің
бас маман – аға сот приставы
 Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ
26 сәуір 2024 ж. 272 0