Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сотқа құрмет көрсетілгендерге жаза бар

Сотқа құрмет көрсетілгендерге жаза бар

Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бабының 1-бөлігінде сот төрелігін тек сот қана жүзеге асыратыны көрсетілген. Адамның тағдырын таразылау үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сот ғимаратының табалдырығын аттағаннан бастап жауапкершілікті әрбір жан сезінуі қажет.

Сотты құрметтемеудің көріністері сот жұмысына кері әсер етеді. Сотқа өз сөзінің, ісінің тікелей әсер ететінін біле тұра шақыртуға себепсіз келмегендер сотты құрметтемей тұрғанын жете түсіну қажет. Тиісті адамға шақырту қағаздары дер кезінде жеткізіліп, тіпті SMS хабарлама жолданады. Соның өзінде сотқа келмей, сот отырысының уақытында өтуіне кедергі жасау сотты сыйламау болып табылады. Сот приставы өз кезегінде өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында сотқа келуден жалтарған адамдарды күштеп алып келуді жүзеге асырады. Сотта әділдік жүзеге асып, тәртіп пен адамгершілік нормаларын аттамай, құқықтық жүйенің қатаң сақталуы қамтамасыз етіледі. Сотқа құрмет көрсетпеген азаматтарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 33-тарауына сәйкес, мемлекеттік билік институтына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жауаптылық көзделген, яғни сотқа құрметсіздік танытқан адам 653-бапқа сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Аталған баптың бірінші бөлігімен ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға және бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соқса, ал осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 804-бабына сай, сот төрағасы немесе сот отырысында төрағалық етуші уәкілеттік берген сот приставтары және соттардың басқа да қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға құқылы. Заң сот процесіне қатысушылардан мемлекеттік сот билігі институты ретінде сотты құрметтеуін талап етеді. Олжас ДҮЙСЕНОВ, Сырдария аудандық соты әкімшісінің бас маман – аға сот приставы


Фото: Ақмешіт жастары

28 ақпан 2024 ж. 190 0