Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында бруцеллез ауруын жұқтырғандар саны артты

Қызылорда облысында бруцеллез ауруын жұқтырғандар саны артты

Қызылорда облысында жыл басынан бері 11 адам бруцеллёз ауруын жұқтырған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3 жағдайға артқан.
Олардың арасында 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасында аурушаңдық көрсеткішінің өсу тенденциясы байқалады. Атап айтқанда, 14 жасқа дейінгілер үлесі - 18, 15-19 жастағылар -27, 19 жастан жоғарылар - 55%-ды құрайды. Сарып ауруы биыл аудандар бойынша Қармақшыда - 3, Жаңақорғанда - 2 дерегі тіркелсе, ол Қызылорда қаласында 6 жағдайды құрады. Дертке шалдыққандардың арасында ауыл тұрғындарының үлесі 45,4%, - деді Қызылорда облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.
Ведомство мәліметінше, бруцеллез ауруымен сырқаттанған 9 науқастың үй жағдайында уақ және өзге де үй ауылшаруашылық малдарына күтім жасағаны белгілі болды. Қалған 2-і мал шаруашылығымен айналыспайды, сүт пен етті сауда орындарынан сатып алып тұтынады.
23 сәуір 2023 ж. 242 0