«Жауқазын жүрек» әдеби алаңы Сырдарияда

Әдеби алаңға «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы директорының орынбасары Г.С.Ізбасарова, мәдениет саласының үздіктері, Қызылорда қаласы және облысымыздың әр аудандарынан келген 40 оқушы мен олардың жетекшілері, аудандағы жалпы білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.
Шараға қатысушылар драма жанры бойынша "Киіз үйдегі тосын сый", "Оқиға желісі", "Аяқталмаған сыр" кезеңдерінде сахналық қойылымдар қойып, монолог оқып, өзара бақ сынады.
Сахна әлеміне аяқ басқан өрендерге қазылар сараптама жасап, өнерпаздардың еңбектерін саралап , пікірлерін білдірді. Әдеби алаңда өз шеберлігімен көзге түсіп, көрермен көзайымы болған өрендер арнайы номинациялармен марапатталды.
Әдеби алаң соңында көшпелі «Жауқазын жүрек» статуеткасы Қазалы ауданына табысталды.