Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сөнбес ғұмыр

Сөнбес ғұмыр

Ақын Мұқағали Мақатаевтың ту­ған күніне орай рухани-танымдық, әдеби-мәдени іс-шаралар ұйымдас­тыру елі­міздің білім ордаларында қалып­тасқан жұмыс. Сол үлгілі үрдіс бойынша биыл да ақынның өмірі мен шығармашылығы кеңінен дәріптелді. Ерекше форматта ұйым­дастырылған бұл жолғы іс-шараны Тереңөзек кенті мәдениет үйі мен №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі бірлесе ұйым­дастырды.
Тақырыпқа сай безендірілген сахнаға боз­бала мен бойжеткен шығып, бірі ақын Мұ­қа­ғали Мақатаевтың, енді бірі Фариза Оң­ғар­сынованың кейіпіне еніп, өлең оқыды. Лирикалық жырлар көпшілік көңілінен шығып, көрермендердің әдебиет әлеміне аңсары ау­ды. «Жас толқын» үйірмесі мүшелерінің іс-ша­раға жоғары деңгейде жауапкершілікпен да­йын­далғаны аңғарылды.
«Сөнбес ғұмыр» атты әдеби кештің кейіп­кері атанған ақынның өмір жолы мен өлеңдері туралы кездесу өткізілді. Кездесуде аудандық мәдениет үйінің әдіскері, ҚР Мәдениет сала­сының үздігі Г.Сәрсенбаева, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Ғ.Оралов, №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Жаңабергенова, орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Әкімтаева ақиық ақын туралы сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерімен бөлісті.
Іс-шарада Нұрасыл Әбдiрәсiл, Жәния Аманбекова, Қарақат Балашбек, Әлішер Айтуаров, Бауыржан Бақытжанов, Нұрлытаң Тобжанова, Нурифат Мейрамбекова есімді оқушылар ақын өлеңдерін жатқа оқы­ды. Әдеби кеш соңында аудандық білім бөлі­мінің әдіскері Ғ.Бақтиярова мен №210 О.Әбіл­паттаев атындағы орта мек­тебі директоры С.Сақтапова сөз сөйлеп, тағ­дырлы, талантты ақынның шығармалары өміршең екенін сөз ет­ті.
Айта кету керек, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Друмова Айгүл Сәрсенқызының жетекшілігімен педа­гог ұйымдастырушы Арықов Өркен Алдабер­генұлы мен «Жас толқын» мектеп жанынан құрылған театр үйiрмесi жетекшiсi Ақтолқын Абылаева бірлесе ұйымдастырған әдеби кеш қатысушылардың көңілінен шықты.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ
12 ақпан 2022 ж. 615 0