Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БИІК ШЫҢҒА ҰМТЫЛҒАН ӘУЛЕТ

БИІК ШЫҢҒА ҰМТЫЛҒАН ӘУЛЕТ


«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңінде жеңімпаз атанған Бәйменовтер отбасы аудан халқына етене таныс. Ғасырға жуықтаған аралықта Рахымжан Әбдіқалықұлының шаңырағы қашанда абырой биігінен көрініп келеді. «Адам ұрпағымен мың жасайды» демекші бүгінде тоқсанға таяған қария зайыбы Сапура апаймен 9 баланы тәрбиелеп, олардан 22 немере, 3 шөбере сүйіп отыр. Балалары түрлі салада еңбек етіп, ел дамуына өз үлестерін қосып жүр. Ұрпақтар сабақтастығын берік ұстанған әулет бір шаңырақ астында тату-тәтті.
«Баланы бастан» деген халық даналығына сүйенген берекелі шаңырақ мүшелері қашанда тәрбие мен білімді қатар ұштастырып, баларына ата-анадан көрген тәлімді ұғындырып, қиындықты бірге еңсеруге, белестерді бірге бағындыруға тәрбиелеген. Бүгінгі таңда жетістікке жеткен отбасы мүшелері елдің дамуына тамшыдай болсын өз үлестерін қосуда. Рақымжан Бәйменов негізінен КСРО кезінде білім саласы мен партия органдарында басшы қызметтер атқарған, зейнеткерлікке шыққаннан кейін де салауатты өмір салтын ұстанып, бильярд, шахмат ойындарынан облыс, аудан көлемінде ардагерлер арасындағы жарыстарда бірнеше рет жүлделі орындарға ие болған. «Сырдария ауданының құрметті азаматы» атағы ол кісінің ауданда табанды еңбек еткендігін, қажарлы қызмет еткендігін дәлелдейді. Ізін жалғар ұрпақтары да әке салған сара жолмен жүріп, кіші Отанның іргесін бірге қалады. Олар үшін ел мәртебесі мен отбасы берекесі, шаңырақ тыныштығы бәрінен қымбат.
Әулеттің отанасы Сапура Байменова «Алтын алқа», «Күміс алқа», І дәрежелі, ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендері, І дәрежелі, ІІ дәрежелі «Ана» медальдары, «ҰОС жылдарында тылдағы еңбегі үшін», «ҰОС 70 жылдығы» медальдарымен марапатталған. Алтын жүректі анаға ең бастысы – перзенттерінің амандығы. Балаларының қызығын бірге көрген қос қария немерелер жетістігіне әрқашан марқайып отырады. Ендеше, берекелі шаңырақтың көрер қызығы таусылмай биік асуларды бағындыра берсін демекпіз.

Б.ОРДАБЕКОВ
22 мамыр 2018 ж. 1 227 0