Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сапа мен нәтижеге бағытталған кеңес

Сапа мен нәтижеге бағытталған кеңес

Аудан медицинасының қызмет бағыты сан тарапқа бөлінген. Қазіргі уақытта жастар мен жасамыс арасында кез келген дерт бойынша арушаңдық деңгейі және өлім-жітім көрсеткіші жоғарылау жиі кездесуде. Осы ретте, Сырдария аудандық ауруханасының бас дәрігері Жалғасбек Үсеновтің төрағалығымен жақында медциналық кеңес өткізілді. Кеңестің күн тәртібіне бірнеше мәселе қойылып, оған салалық орынбасарлар, дәрігерлер, орта буын қызметкерлері қатысты.

Медициналық кеңесті ашқан бас дәрігер Жалғасбек Үсенов бірқатар мәселеге тоқталып, азаматтардың денсаулығын жақсартудағы дәрігерлердің алға қойған мақсат-міндеттерін саралады.

– Жалпы, өткен жылы атқарылған қызметтерді жан-жақты електен өткізіп, жекелеген кемшілік анықталғаны белгілі. Әрине, адам өміріне араша түскен сала мамандары күні-түні еңбек етеді. Дегенмен, рейтинг бойынша артқа тартып тұрған түйткілді дүниелер аз емес. Сала мамандары тарапынан жіберілген қателікті дер кезінде түзей алған жағдайда жақсы нәтижеге қол жеткізе аламыз. Өз кезегінде орасан жетістіктен көріне білген жандардың еңбегін жоққа шығармаймыз. Кеңестің мақсаты – жекелеген дерттердің алдын алу, аурушаңдық деңгейін мен өлім-жітім көрсеткішін төмендету екенін естен шығармаған абзал, – дейді бас дәрігер.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселенің бірі – «Сырдария аудандық ауруханасы бойынша аймақтар бөлінісінде 2023 жылдың 12 ай қорытындысымен рейтингтік бағалау туралы» бас дәрігердің аудит жөніндегі орынбасары Жұлдызай Баймишова хабарлама жасады.

– Әрбір саланың жыл қорытындысы бойынша жасалатын есептік көрсеткіші болатыны жасырын емес. Біздің тарапымыздан Сырдария аудандық ауруханасында өткен жылы орын алған оқиғаларды саралау жүргізілді. Шын мәнінде, рейтинг бойынша төменгі көрсеткішке ие аймақтық дәрігерлердің жұмысына серпін беру үшін ротация жасалды. Мәселен, рейтинтік көрсеткіш республика бойынша емдеу мекемелерінің жұмыс көрсеткішімен шығарылады. Сондықтан облыстық денсаулық сақтау басқармасының талдауы негізінде аудан медицинасы жақсы нәтижеге қол жеткізуге әрқашан ұмтылып келеді. Ауыр дертке шалдыққан жандар арасында өлім-жітім басымдырақ болған сырқат белгілері анықталды. Негізінен, Сырдария ауданы бойынша 2023 жылдың 12 айында барлығы 204 науқас қайтыс болған. Үй жағдайында және ауруханада, басқа жерлерде қайтыс болған жандардың не себепті сырқатының асқынғаны, тағы басқа әсер еткен факторлар жөнінде талдау жасалды. Бұл ретте, өзге де медицина мамандары тарапынан жасалып жатқан қызмет бөлінісіне тоқталған жөн. Мәселен, 11 скрининг түрі қарастырылған. Өз кезегінде жоспар бойынша жас шамасына сәйкес, жергілікті тұрғындар скринингтен өтеді. Соның негізінде, дерті анықталған науқастар дәрігер бақылауына алынады. Аталған бағыттар бойынша жүйелі жұмыстар жасап жатқан елді мекендер бар. Айта кетейік, 2023 жылы 34334 халық аудандық ауруханаға тіркелген. Сонымен қатар қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жалпы практиканың бір дәрігеріне тіркелген халықтың саны аралас халықтың 1700 адамынан бекітілу қажет деп көрсетілген. Алайда, 1700-ден төмен Тереңөзек кентінде аймақтар бар. Дәрігерлік амбулатория 1500-5000 адамға дейін құрылады деген тұжырымға сүйенсек, кейбір ауылдарда халық саны жетіспейді, – дейді Жұлдызай Баймишова.

Бүгінде онкология және туберкулез дертіне шалдыққан жандарды оңалту жүйелі түрде жүзеге асуда. Қатерлі ісіктің бірнеше түрімен ауыратын тұрғындарды емдеумен қатар, жан-жақты қолдау қажет етіледі. Жоспарлы түрде туберкулезді болдырмау мақсатында кешенді іс-шаралар қабылданған. Мұндай жұмыстар онкология саласында да, қалыс қалып жатқан жоқ. Бұл ретте, онкология саласы бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде дәріргер-онколог Майра Халыбаева, туберкулезді ерте анықтау, алдын алу іс-шарасын үйлестіру бойынша дәрігер-фтизиатр Ләззат Ибраймова баяндама жасады.

Кеңес соңында жыл көлемінде атқарылатын салалық жұмыс барысы нақтыланды.
12 ақпан 2024 ж. 101 0