Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Нашақорлық қоғам дерті

Нашақорлық қоғам дерті

Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары, нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір азамат шетте қалмау керек. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Сенің өмірің өз қолыңда.

Нашақорлық туралы қаншама айтылып, көрсетіліп жүрсе де, оның азаймағаны рас. Сондықтан бұл дертпен жалғыздықта күреспей, ел болып, халық болып алдын ала аламыз. Нашақор жандардан дүниеге дені сау перзент келуі екі талай, себебі есірткі дүние есігін әлі ашпаған, іште жатқан сәбидің ағзаларын улайды, сондықтан жастар ойланайық, болашақ ұрпағымыздың өміріне балта шаппайық.

Қарныңның ашатыны есірткіге жастардың ішінде мектеп оқушыларының тәуелділігі. Жалпы жасөспірімдер батысқа еліктегіш болып келеді. Сериалдардағы әртүрлі образдағы әртістер, денелеріне түрлі сурет (наколка) салдырып, темекі, есірткі шеккен қыз-жігіттерді көрген жастар қалай солар сияқты кейіпке енгенін білмей де қалып жатыр. Бір‑біріне еріп, бір рет қана қолданамын да тастаймын деген небір жастар есірткіге қалай тәуелді болып қалғанын сезбей де қалуда. Есірткіге тәуелді болу деген міне осы.

Сырдария аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің «Есiрткi заттарды сату мақсатынсыз көп мөлшерде заңсыз иемденіп алу және сақтау, егіп-өсіру, өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеуге» қатысты 13 тұлғаға үкім шығып бас бостандығынан айыру жазасы қолданылған, 2 тұлға 70 (жетпіс) сағат қоғамдық жұмыстарға тартылған, 7 тұлғаға айыппұл салынған.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 шілдедегі №470 қаулысында заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу бойынша 250 грамм «Өте ірі» санатына жататындығы көрсетілген. 

Есірткіні қолданатын жасөспірімдер түрлі дертке шалдығатыны сөзсіз. Өз-өзіне қастық ойлаған есірткіге құмар адамдар қаншама. Олардың дұрыс жолды таңдап, жаман әдеттен бойын аулақ ұстауын қатты қалаймын. Өйткені мен үшін елімнің әрбір азаматы – қымбат. Мен жаспын және мен осындай дұрыс емес жолда адасқан жандарға қатты жаным ашиды.

Сондықтан да одан сақтану, онымен күресіп, жеңу, бойын есірткіден аулақ ұстау – біздің, яғни өскелең жастардың ұстанымы болуы керек. Өзімізді зиянды нәрселерден аулақ ұстап, бақытты өмір салтын ұстанайық! Денсаулық – ең басты байлық. Салауатты өмір салтын ұстанып, қоршаған ортаны аялай білейік. Санамызды әрқашан таза ұстап, зиянды әдеттерден аулақ болайық. Жастар – еліміздің жарқын болашағы.

Ғ.Б.МЫРЗАХМЕТОВ,
Cырдария аудандық сотының жетекші маманы, баспасөз хатшысы


Фото: ашық дереккөзден
24 қаңтар 2024 ж. 146 0