Мен саған есірткі жайлы айтып беремін
Қазіргі қоғамымыздың ең басты дерті-нашақорлық. Еліміздің ғана емес, дүниежүзі елдерінің өзекті мәселесі болып саналды. Біздің басты қорқынышымыз-нашақорлыққа жасөспірімдердің де салынып бара жатқандығы. Өрімдей жас ұрпақтың есірткінің буына малынып,құрбанына айналып жатқаны қаншама? Міне, осыдан кейін есірткінің қалайша зияны жоқ деп айта аламыз?!
Әрине, есірткінің зияны мен адам өміріне деген зардабының көп екені парақ бетіне түсіріліп тек,айтылып та жатыр.Бірақ,ескеріп жатқан адам жоқ.Есірткі тұтынушылардың саны жылдан-жылға артпаса,кеміп келе жатқан жоқ.
Есірткінің тарихына шолу жасасақ,грек тарихшысы Геродоттың еңбектер жинағында алғаш Египетте діни ғұрыптарда және емдік қасиеті үшін пайдаланғаны туралы мәлімет берілген.Ал,қазіргі таңда есірткі еріккеннің ермегіне,жас баланың ойынына айналып кетті.Есірткіні баста қызығушылықпен тұтынып,артынша бас ала алмай тәуелденіп,дос болып алады.Есірткі адамның физиологиясын бұзып,өмір сүру қабілеттілігін төмендетеді.Осының салдарынан адам өмірі қысқарып кетеді.
Жасөспірімдер әр нәрсеге еліктегіш болғандықтан, есірткіге де тез бейімделіп кетеді. Осылайша, әуестікпен есірткінің дәмін татқан жасөспірімдер онымен қалай «дос» болғанын өздері де түсіне алмай қалады. Артынша нағыз нашақор болып, сауда жасап кететінде көп. Өкінішке орай, бұл дегеніміз-оңай ақша табудың бірден-бір жолы. Бірақ, оның арты қылмысқа ұласып кететінін түсінбейді. Есірткіні заңсыз тасымалдаған адам қылмысқтық және әкімшілік жауапкершілік негізінде заң алдында жауап береді.Осыған байланысты ата-аналар балаларымен көп жұмыс жасағаны жөн.Баласының санасын жат қылықтардан алыстатқызып,рухани және мәдени тәрбиелеп, адамгершілікке бағыттауы тиіс.Себебі,есірткі тұтынатындардың 50-60%-ы отбасындағы қысым мен мейірімнің болмауынан.Ойланайық!...
Әрбір адам өмірге ғашық болуы тиіс.Берілген уақытты алтындай бағалап,қадірін түсінуі керек.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың:"Салауатты өмірге кері ықпалын тигізетін жағымсыз әрекет ол-нашақорлық",- деген сөзін жадымызда ұстап,біз,жас ұрпақ,салауатты өмір салтын ұстануымыз қажет.Себебі, Тәуелсіздіктің тұғырының биік болуы бізге байланысты.Болашақ жастардың,біздің қолымызда!
Жібек Қазнабекқызы,
№44 орта мектебінің оқушысы,
«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға»
«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға»