Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Алғыс білдіремін

Алғыс білдіремін

Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы аудан тұрғындарына сапалы қызмет көрсетіп келеді. Жұмабек Ембергенов басқаратын ұжым қызметкерлері келушілерді үнемі жылы шыраймен қарсы алады.

Жақында үйімнің құжаттарын реттеу мақсатында орталыққа бас сұқтым. Жас қыз-жігіттер өз ісінің нағыз маманы екен. Алдымнан күтіп алып, жайғастырып, тиісті қызметтерді жоғары деңгейде көрсетті. Өзім денсаулығым сыр беріп, көзім де дұрыс көрмейді. Орталық мамандары өздері жүгіріп жүріп бар құжатымды реттеп, шаруам­ды оңтайлы шешіп берді. Осы ретте халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп отырған орталық қызметкерлеріне, оның ішінде жетекші мамандар Манат Жарылқасынова мен Жарас Амановқа аналық алғысымды білдіргім келеді. Ұжым қызметкерлерін келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тілеймін!

Гүлзада ӘКІМБАЕВА,
зейнеткер
26 желтоқсан 2023 ж. 185 0