Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТЕТІКТЕРІН ЖЕТІК МЕҢГЕРГЕН

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТЕТІКТЕРІН ЖЕТІК МЕҢГЕРГЕН


Қазіргі таңда халыққа кызмет көрсету тетіктері жаңа форматқа еніп, мамандар цифрлы технологияларды жетік меңгеруде. Тұрғындардың басым көпшілігі оңтайлы қызметтің тиімділігіне көз жеткізген. Елбасы Жолдауында айтылған басым-бағыттарды жүзеге асыруға байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы- «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Сырдария аудандық бөлімі де тұрғындарға жұмыс көздерін айрықша түсіндіруге ниетті.

Міне, аталмыш бөлімде жаңа технологияны меңгеріп, көпшілікке сапалы қызмет көрсетіп келе жатқан сала мамандары жетерлік. Соның ішінде өз ісіне жауапты, тәжірибелі маман Салтанат Бекжүнісованы айта аламыз.
Салтанат Жанұзаққызы аталмыш бөлім ашылған тұстан, яғни 2008 жылдан бері осы мекемеде қызмет атқарады. Әр жылдары бөлімнің түрлі қызметінде болып, былтырғы жылы филиал директорының бұйрығымен бөлім басшысының орынбасары қызметіне тағайындалады. Әрине, қызмет бабында жүріп, абырой биігінен көріну зор мақтаныш. Күніне жүзден аса адамға қызмет түрлерін ұсынып, құжат дайындауда сауатты болуға талпынатын Салтанаттың белсенділігіне көпшілік дән риза. Күн өткен сайын техника тілін меңгеріп, әріптестері арасында абыройлы болуға тырысады. 10 жылға жуық уақытта үлкендер батасын алып, кешіпейіл қалпынан таймауға ұмтылады. Оның жеткен жетістіктері халық бағасымен өлшенеді.
Күні-түні тынбай еңбекке араласқан Салтанат Жанұзаққызы отбасының берекесін келтіріп, балаларына тағылымды тәрбиесін беруде. Қызметіне адал келіншектің отбасындағы міндетін абыройлы атқара білуі баршаға үлгі. Жұмыс барысында кез-келген марапатқа ие болса да, әулеттің келіндеріне берер бағасы жоғары. Қашанда жайдарлы қалпынан таймаған асыл ананы төл мерекесімен құттықтай отырып, мәңгілік әйел бақытына қол жеткізгенін қалаймыз.

Б.ҚАРАМАНТЕГІ
07 наурыз 2018 ж. 995 0