Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аналық алғысымды білдіремін

Аналық алғысымды білдіремін

«Кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі» деген қазақта нақыл сөз бар. Осы айтылған керемет сөз кенттегі «Серікбол» сауда орталығының иесі Сәбит Жұбановқа қарата айтылғандай. Шын мәнінде, біраз жылдан бері аудан орталығындағы ең ірі сауда орталығы халыққа жақсы қызмет көрсетіп келеді. Дүкеннен үлкен де, кіші де бар іздегенін табады. Сатып алушыларға ыңғайлы жағдай жасалған, қызмет көрсету деңгейіне көз сүйсінеді. Дүкен иесі әрбір келушіге кішіпейілдік танытады. Үнемі сауда орталығынан азық-түлік алғанда Сәбит қолғабыс жасап, алған заттарды арбаға салып, сырттағы көлікке дейін жеткізіп береді. Өзі қарапайым, осындай бізге жасап жатқан қызметі үшін жүрегім елжірейді. Амандық-саулық сұрап, жылы сөзін аямай тұратын азаматқа тек қана алғыс айтамын. Кәсібінің берекесін беріп, халықтың батасын ала берсін.



Шынар ӘБДІҚАЛЫҚОВА,
кент тұрғыны, зейнеткер
01 қараша 2022 ж. 494 0