Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Түрлі аурулар жұқтырып алмас үшін сұлулық салонын қалай таңдаған дұрыс

Түрлі аурулар жұқтырып алмас үшін сұлулық салонын қалай таңдаған дұрыс

ТүÑÐ»Ñ Ð°ÑÑÑÐ»Ð°Ñ Ð¶Ò±ÒÑÑÑÑп Ð°Ð»Ð¼Ð°Ñ Ò¯ÑÑн СұлÑлÑÒ ÑалонÑн Òалай ÑаңдаÒан дұÑÑÑСұлулық салондарында түрлі құралдармен барлық клиентке қызмет көрсететіндіктен әрт түрлі ауру жұқту мүмкіндігі бар, деп хабарлайды Қазақпарат.

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы мамандары кеңесін айтты.
«Вирустық гепатиттен 100% сақтану мүмкін емес. Бірақ, бірнеше ережені ұстанып, қауіпті сейілтуге болады: маникюр, педикюр, тату, пирсинг және т.б. күмәнді салондарда, сондай-ақ көп қолданылатын құралдар мен олардың бөлшектерін қажетті зарарсыздандыра алмайтын қоғамдық орындарда жасатпаңыз; кез келген зарарсыздандырылмаған кесетін медициналық, маникюрлік және басқа да құралдарды қолданудан аулақ болыңыз; Гепатитке ұдайы тексеріліңіз; В гепатитіне қарсы екпе алыңыз», – деп кеңес беруде орталықтың сарапшылары.
Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ұлттық-практикалық орталығы Санитарлық-гигиеналық мониторинг және қауіптерді бағалау департаментінің директоры Сейкәрім Тастанбаев өзнің мынадай кеңестерін берді.
Бұған қатысты Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ұлттық-практикалық орталығы Санитарлық-гигиеналық мониторинг және қауіптерді бағалау департаментінің директоры Сейкәрім Тастанбаевтың ойы қандай?
«Клиенттер косметикалық, косметологиялық қызметтерді ұсынатын шаштараздар мен сұлулық салондарына барған кезде мынаған назар аударулары қажет: әйелдер мен ерлер залдарында шаштаразшылар мен келушілердің қолдарын жууға және бастарын жууға арналған жерлері бөлек болуы тиіс. Косметикалық, маникюр және педикюр бөлмелерінде жабық түрдегі бактерицидтік ультракүлгін сәулелендіргіштері болуы тиіс», – деді ол.
-клиентке қызмет көрсетудің алдында және одан кейін қолды сабындап жуу;
– косметикалық кабинеттерде қолға арналаған антисептиктерді қолдану, қорғаныс маскаларын, бір реттік қолғаптар пайдалану;
– шашты қолғаппен бояу;
– жұмыс орындарында тамақтанбау және темекі шекпеу;
– арнайы киімде жұмыс істеу секілді ережелерді салонның ұстанатынына көз жеткізіңіз.
29 шілде 2018 ж. 936 0