Қылмыстық атқару жүйесінің мәселелері қаралды

Өңірде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды қоғамға қайта бейімдеу, еңбекке тарту, пробация қызметін күшейту бағытында тиісті жұмыс атқарылуда.
Биылға жұмыспен қамту үшін бекітілген 92 квота түгел игерілді. Үкіметтік емес ұйымдар арқылы қайта әлеуметтендіруге қаржы бөлініп, жобалар іске асты. Жұмыссыз ретінде тіркелген 325 адамның 213-і тұрақты, 49-ы уақытша жұмысқа орналасты.
«Бастау Бизнес» жобасымен 31 азаматқа 48,6 млн. теңге қайтарымсыз мемлекеттік грант берілді, 23 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алып, 124 азаматқа қайырымдылық көмек көрсетілді. Жергілікті бюджеттен 184 азаматқа біржолғы әлеуметтік көмек төленді, басқа да қолдау көрсету жолға қойылған.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі