Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Мектеп жиҺаздарына қойылатын санитариялық талаптар

Мектеп жиҺаздарына қойылатын санитариялық талаптар

Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы – Ұлжан Нұрбаева  мектеп жиҺаздарына қойылатын санитариялық талаптар туралы  баяндады.

Санитариялық-гигиеналық талаптарға сай келетін мектеп жиһазын пайдалану ұзақ мерзімді өнімділікті қамтамасыз ету, дұрыс физикалық даму, оқушылардың дене бітімі мен көру қабілетінің бұзылуының алдын алу үшін маңызды. Баланың денсаулығы, оның дене мүсінінің дұрыстығы және жалпы омыртқаның жағдайы осыған байланысты.

Ыңғайсыз қалыптан және шамадан тыс жүктемелерден омыртқа зардап шегеді. Балалардың ыңғайлы оқушы орындықтарында, барлық оқулықтар мен дәптерлерді орналастыруға болатын кең орындықтарында, барлық оқулықтар мен дәптерлерді орналастыруға ыңғайлы оқушы үстелдерінде отыруы маңызды. Дұрыс таңдаған оқу орны скалиоздың дамуына жол бермейді, көру қабілетін, физикалық денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді. Жиһаздың қауіпсіздігіне де көп көңіл бөлу қажет.Үстелдің үстіне қолдың дұрыс орналасуы, аяқтың еденде нық тұруы, оқушының тізесі мен үстелдің арасында жеткілікті орын болуы, орындықтың арқасы мен отырғышының арасында бос орын болуы, баланың тізесі қысылмауы керек.


Жиһаз балалардың анатомиялық және физиологиялық жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы тиіс. Білім беру обьектілеріне таңбаланған мектеп жиһазымен жарықтандыру және оқушыларды дұрыс отырғызу оқушылардың тірек-қимыл аппаратында патологиялардың пайда болуын болдырмауға көмегін тигізетіні атап өтті.
20 қазан 2025 ж. 352 0