Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қайырымдылық іс-шарасы өтті

Қайырымдылық іс-шарасы өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Қызылорда облыстық Неміс этномәдени бірлестігінің онкүндігі аясында қайырымдылық іс-шара өтті. Kyzylorda-news.kz

Іс-шараның басты мақсаты – мейірімділік пен өзара қолдауды насихаттау, сондай-ақ тұрмысқа жарамды заттарды керекті жандарға сыйлау болды.

Шараға «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов, облыстық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, еріктілер және қала тұрғындары қатысты.

Қатысушылар игі істе белсенділік танытып, түрлі тұрмыстық бұйымдар мен киім-кешектерді мұқтаж жандарға тарту етті.
Шараның ерекше тұсы – қатысушылар өздері сақтап келген ретро заттар мен сирек кездесетін бұйымдарды да алып келіп, оларды ізгілікпен бөлісті.
20 қазан 2025 ж. 247 0