Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

№ 65 газет

30 тамыз 2025 ж.

№ 64 газет

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Әр нөмерін асыға күтеміз

Әр нөмерін асыға күтеміз

Ауданда тұрып «аудандық газетке жазылмаймын» дейтіндерге таң қаламын. Газет – халықтың айнасы емес пе?! Бір нөмері кешіксе, түгел ауданның жаңалығынан құр қалғандай болып тұрамыз. Оның ішінде, төл басылым кәсіпкерлерге ұдайы ақпараттық қолдау көрсетіп келеді.

Соңғы уақытта газеттің мазмұны мен дизайнында ерекше жаңашылдық орын алып келеді. Аудандағы негізгі жаңалықтармен қатар, танымдық, тәрбиелік мәні зор тарихи мақалалар көптеп басылып жүр. Бұл – 85 жылдық тарихы бар төл басылымның жаңа белесі десек болады. Әр жылдары жаңа, бір-біріне ұқсамайтын ерекшелігімен оқырманын қуантып келе жатқан газетке тұрақты түрде жазыламыз.

Сондай-ақ басылымның жылдам әрі тиімді жұмыс жасайтын электронды сайтының жұмысын жоғары бағалауға болады. Қазіргі заман ақпараттық технологиялар заманы болғандықтан, кейде газетті алдымен ресми сайттағы нұсқасынан оқып аламыз. Әрі қолжетімді, әрі тиімді.

Газет – адамға ауадай қажет құндылық. Қазіргі таңда «газет көп оқылмайды» деген пікір де жоқ емес. Мен бұл пікірді толықтай жоққа шығарар едім. Себебі жалған ақпараты көп әлеуметтік желіден гөрі ресми, сенімді ақпараттар һәм басылымды қолға ұстап, сүйсіне оқығанның әсері ерекше. Осы ретте оқырманға сапалы ақпарат таратып, баспасөз саласында өзіндік орнын қалыптастырған аудандық газет ұжымына шығармашылық табыс, ізденісті серік еткен журналистерге сәттілік тілеймін!


Мәдина ОМАРОВА,
жеке кәсіпкер
12 желтоқсан 2023 ж. 234 0