Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Департаментпен азаматтар құқықтары қашықтықтан қорғалуда

Департаментпен азаматтар құқықтары қашықтықтан қорғалуда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары сәйкес өкілеттілігі шеңберінде «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қызмет көрсету тәртібін бұзу, мерзімін бұзу, толық құжатсыз қызмет көрсету фактілері бойынша қашықтықтан мониторинг жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында Қазалы және Шиелі ауданына тиесілі ауылдық округ әкімі аппараттары тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларынмен бекітілген мерзімдерінде қызмет алушыға қызмет көрсету нәтижесі ұсынылмағаны анықталды.

Департамент тарапынан мемлекеттік органдарға тиісті ұсынымдар жолданып қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету – мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының құрамдас бөліктерінің бірі.Адам дүниеге келгеннен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен тығыз байланыста болады.Туу туралы куәлікті алудан бастап азаматтың қайтыс болуы туралы анықтамасын беру де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болып табылады.

Бүгінгі таңда, қызмет алушылардың уақытын үнемдеу, әкімшілік кедергілерді, қағазбастылықты жою мақсатында электронды көрсетілетін қызметтердің үлес салмағы артуда.

Осы ретте, Мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі мерзімінде көрсету және оларды көрсету нәтижесімен қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы - мемлекеттік аппараттың тиімділігін бағалаудың негізгі көрсеткіштерінің брі болып қала бермек. Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысындағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының сақталуы алдағы уақытта да Департаменттің жіті бақылауында болады.



Ербол БУЛЕБАЕ,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы

Фото: Нұрболат Нұржаубай
08 желтоқсан 2023 ж. 143 0