Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы қашықтықтан бақылануда

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы қашықтықтан бақылануда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес өкілеттілігі шеңберінде ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қызмет көрсету тәртібін бұзу, мерзімін бұзу, толық құжатсыз қызмет көрсету фактілері бойынша қашықтықтан мониторинг жүргізілуде.

Департамент қызметкерлері мемлекеттік органға бармай, ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтерге қашықтықтан мониторинг жүргізіп бұзушылық фактілерін анықтайды.

Атап айтқанда ағымдағы жылы қашықтықтан мониторинг жүргізу нәтижесімен 19 мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу фактісі, 
8 мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзу фактілері анықталып 2 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.

Мәселен, осы жылдың 1 қыркүйегінде Жаңақорған кенті әкімінің аппаратына азамат «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту» мемлекеттік қызметін алуға өтініш бергені анықталды.

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету мерзімі 13 жұмыс күнін құрайды, алайда мемлекеттік орган арқылы Қағидамен бекітілген мерзімде ұсынылмаған.

Осы ретте, Департамент тарапынан қызмет алушының құқықтарын қалпына келтіру жөнінде ұсыным беріліп, Жаңақорған кенті тұрғынының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі мерзімінде көрсету және оларды көрсету нәтижесімен қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы – мемлекеттік аппараттың тиімділігін бағалаудың негізгі көрсеткіштерінің бірі болып қала бермек. Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысындағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының сақталуы алдағы уақытта да Департаменттің жіті бақылауында болады.

Фото: ашық дереккөзден
22 қыркүйек 2023 ж. 190 0