Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Ардагерге құрмет көрсетілді

Ардагерге құрмет көрсетілді

Сырдария аудандық сотында Қызылорда облыстық сотының 85 жылдығын атап өту мақсатында аудандық сотта еңбек еткен бұрынғы қызметкер Қ.Назаровамен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуді төраға Р.Т.Алдамбергенов өзінің құттықтау сөзімен ашып, аудандық сотта еңбек еткен Қ.Назарованың ерекше еңбегін айта келіп, кәсіби біліктілігінің арқасында сот жүйесін жетілдіру жолында үздіксіз еңбек етіп, мол тәжірибе жинақтап, қазіргі таңда нотариат, атқарушылық жүйелерінде абыройлы қызмет атқарып жатқан аудандық соттан түлеп ұшқан қызметкерге Алғыс хат табыстап, құрмет көрсетті.

Кездесуде Қ.Назарова өзі қызмет атқарған уақыттағы қиыншылықтармен жақсы, қызықты сәттерді, сот жүйесінің қалыптастыру кезеңіндегі ауыр сәттерді айта келіп, қазіргі таңда сотта қызмет атқару үшін қызметкерлерге қолайлы жағдай жасалғанын, электронды сервистердің көмегі жұмысты біршама жеңілдеткенін атап өтіп, жас буынға жауапкершілік жүгі ауыр қызметтеріне шыдамдылық пен табандылық тілеп, өзінің жылы лебіздерімен бөлісті.

Сырдария аудандық соты
28 қараша 2023 ж. 409 0