Сырдария – алыптарға алтын бесік
(Өлеңнің әр шумағындағы бастапқы әріптерді тігінен оқығанда «Тоқсан бес жыл» деген сөз шығады)
Тасыған қамбасы алтын ырыс қайнап,
Тұғырлы туған жерім күрішті аймақ.
Тоқсан бес жыл тарихы бар қазыналы,
Тұрады перзенттері ұлы істі ойлап.
О бастан музам болып Асқар ақын,
Осы елде қанаттанды жас қанатым.
Осында өлең жаздым туған ел деп,
Ойға алған озық болып бастама тың.
Қайраған намысымды жырда менің,
Қашан да табылады Сырдан емім.
Құт қонып, бақ дарыған қаламына,
Қалтайдың кім білмейді туған жерін!
Сан адам болашағы жарқын десіп,
Сұраған Сыр-Анадан халқы несіп.
Сыр елі – ырыс-құттың түп қазығы,
Сырдария – алыптарға алтын бесік.
Тұғырлы туған жерім күрішті аймақ.
Тоқсан бес жыл тарихы бар қазыналы,
Тұрады перзенттері ұлы істі ойлап.
О бастан музам болып Асқар ақын,
Осы елде қанаттанды жас қанатым.
Осында өлең жаздым туған ел деп,
Ойға алған озық болып бастама тың.
Қайраған намысымды жырда менің,
Қашан да табылады Сырдан емім.
Құт қонып, бақ дарыған қаламына,
Қалтайдың кім білмейді туған жерін!
Сан адам болашағы жарқын десіп,
Сұраған Сыр-Анадан халқы несіп.
Сыр елі – ырыс-құттың түп қазығы,
Сырдария – алыптарға алтын бесік.
Ақ күріш халық үшін бақ болған-ды,
Алты Алаш сол ырысты мақтар мәңгі.
Аймақтың символы мен көркі дерсің,
Алтындай жарқыраған ақ маржанды.
Намысын кем көрмейтін Тудан, Ардан,
Нар ұлы бар қазаққа қорған болған.
Нәтиже жолындағы іргелі істер,
Негізі бар бастауын Сырдан алған.
Бастасақ тарқамайтын мерекені,
Баянды болар әркез ел ертеңі.
Бағы мен құты – ырыс, ынтымақта,
Бірлігі бекем аудан берекелі.
Еңбекпен туған жерін сүйікті еткен,
Ел-халық ақ батасы үйіп-төккен.
Еңбектің тайқазанын тасытумен,
Ерлері ел еңсесін биіктеткен.
Сыры көп сақ пен ғұнның олжасындай,
Салты бар шежіренің жалғасындай.
Сырдария шағын аудан болғанымен,
Сырдағы серпінді істің ордасындай.
Жыр елі алып игі бағаны да,
Жақсы істер елге үлгі боп таралуда.
Жыл санап көркеюде әлхәмшүкір,
Жұртшылық құлаш сермеп жаңаруға.
Ырысы ортаймаған үлгі көпке,
Ынтымақ ұран болған мың жігітке.
Ық болған қиын кезде сан ұлттарға,
Ыңғайлы Сырдың елі мәңгілікке.
Лағылдай жарқырай бер ордалы ұям,
Лебізім тек өзіңе жыр-дариям.
Лауласын жанған отың мәңгілікке,
Лайым, дами берсін Сырдариям!
Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ,
ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі