Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 9 айда 42 қылмыстық іс қаралған

9 айда 42 қылмыстық іс қаралған

Сырдария аудандық сотында 2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз конференциясына аудандық  соттың төрағасы Р.Алдамбергенов, сот ұжымы қатысты.

Сот төрағасы алдымен статистикалық мәліметтерге тоқталды.

– Есепті кезеңде 61 адамға қатысты 42 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде 44 адамға қатысты 30 іс бойынша үкім шығарылды. 8 адамға қатысты 7 іс тоқтатылды.  3 іс соттылығы бойынша жолданып, 4 тұлғаға қатысты 2 іс прокуратураға кері қайтарылды. 2 жекеше қаулы қабылданды, – деді төраға. 2023  жылдың 9 айында сотқа 367 талап қою және 6 іс түскен. Барлығы 251 азаматтық іс қаралған, оның ішінде 30 іс бойынша сот бұйрығы, 87 шешім қабылданып, 120 іс өндірістен  тоқтатылған. 13 іс қараусыз қалдырылған және 1 іс соттылығы бойынша жолданған.  2 жеке ұйғарым қабылданған.  Өткен жылмен салыстырғанда түскен талап қоюлар мен істердің саны 72-ге (24,4%), қаралған істердің саны 42 іске (20%) көбейген.

Есепті мерзімде соттың өндірісіне 189 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс түсіп, 1 іс өткен жылдан қалдыққа қалған. Түскен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің ішінде 12-і біріктіріліп, 177 адамға қатысты 177 іс қаралған. 130 адамға әкімшілік жаза қолданылған және 47 адамға қатысты тоқтатылған. 16 жекеше қаулы қабылданған. Ағымдағы жылдың 9 айында  барлығы татуласу тәртібімен 7 азаматтық істер, партисипативтік рәсім тәртібімен 1 азаматтық іс, медиаторлардың қатысуымен 112 азаматтық іс, 28 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс, 7 қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталған. Барлық іс 100 пайыз аудио-бейне жазба арқылы қаралған. Есепті мерзімде әкімшілік құқық бұзушылық туралы және қылмыстық істің 100 пайызы электронды нұсқада түсіпқаралған.

– Жоғарыда айтылған мәлімет бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің артуы байқалады. Бұл Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы бұйрығы бойынша Жолда жүру ережелері "электросамокат" және "шағын электрі көлік" ұғымымен толығуымен байланысты. Осы бұйрықтың талаптарын орындамау әкімшілік құқық туралы істердің көбеюіне әкеліп отыр. Қазір арнайы заңға байланысты өзгерістер еніп, арнайы рұқсат құжатынсыз электр көліктерін басқаруға тыйым салынды, – деді Р.Алдамбергенов.

"ТТ" ақпарат
06 қараша 2023 ж. 160 0