Қазақстанның құрметті кітапханашысы

Қос кітапханашы да көп уақыттан бері осы салада еңбек етіп келеді. Кітапханаға оқырмандарды тарту, оқырмандарды қатыстыра отырып түрлі тақырыптық іс-шаралар өткізу, кездесулер ұйымдастыру бағытындағы жұмыстарға белсене атсалысуда. Сонымен қатар кәсіби мамандар аудандық мәдениет үйінде өтетін ресми мерекелік іс-шараларда кітап көрмелерін әзірлеп, оны жұртшылыққа таныстыру ісінде де белсенді. Қос маманның Қазақстанның құрметті кітапханашысы атануы ұзақ жылғы еңбек пен маңдай тердің, ауданның әдеби-мәдени дамуына қосқан үлесінің жемісі екені анық.
– Кітапхана саласынсыз өмірімді елестете алмаймын. Осы саланың қызығы мен қиындығын қатар көріп, түрлі іс-шараларды ұйымдастырып жүрміз. Ең бастысы біздің жұмысымыздың маңыздылығы бүгін үшін де, болашақ үшін де аса қажетті. Мерекемізде еңбегіміздің еленгеніне қуаныштымын, – дейді Майра Балмағамбетова.
Ал Сайра Сейтен Қазақстанның құрметті кітапханашысы атану зор қуаныш сыйлаумен қатар үлкен жауапкершілік жүктейтінін айтады. Сондықтан алдағы уақытта да ауданның рухани-мәдени тыныс-тіршілігінде белсене еңбек етуге ынталы.
– «Кітап – сарқылмас қазына» деп бекер айтылмаған. Осы қазынаға ие болып, оны ұқыпты ұстап, оқырмандарға таныстырып, ақын-жазушылардың шығармашылығын насихаттау бағытында еңбек етіп келе жатқаныма қуаныштымын. Ауданымыз гүлдене берсін, – дейді Сайра Бәкірқызы.
«Тт» ақпарат