Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№2 газет

10 қаңтар 2026 ж.

№ 1 газет

06 қаңтар 2026 ж.

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Ұлы ұстаздың – еңбек жолы

Ұлы ұстаздың – еңбек жолы

Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай Асқар Тоқ­ма­ғамбетов ауылдық №5 филиал модельді кітапханасының кітапханашысы Гүлнар Қаражанова мен №135 орта мектептің кітапханашысы Әсел Рахметолланың ұйымдастыруымен «Ұлы ұстаздың – еңбек жолы» тақырыбында тарихи-танымдық сағат өтті.
Іс-шараға кітапхана оқырмандары, мектеп мұғалімдері, оқу­шылар қатысты. Тарихи-таным сағатта әлемнің екінші ұстазы әл-Фарабидің өмірі, еңбек жолы туралы кеңінен мағлұмат бе­рілді. Оқырман ұлы тұлғаның адамзатты ізгілікке үндеген еңбектерімен танысты. Сонымен қатар әл-Фарабидің нақыл сөз­дері айтылып, слайд арқылы «Әлемдегі екінші ұстаз атанған ғұ­лама Әбу Насыр әл-Фараби жайлы не білесіздер?» тақырыбында ақпараттар ұсынылды.
Шара барысында мектеп оқушылары Әбу Насыр әл-Фарабиге арналған өлең шумақтарын оқыды. Мектеп оқушылары Қорған Бақытбек, Мәди Мұратбек, Шахназ Бәйділдаев, Нұрдәулет Әбі­ләкім, Нұржан Нұғымадилла, Ақылбек Бақытжанұлы, Самира Ахметбек, Нұрайым Бәрзубек, Ақниет Базарбаева тарихи танымдық іс-шараға белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен маратталды. «Әбу Насыр әл-Фараби – өркениет философы» тақырыбындағы кітап көрмесін ауылдық кітапхананың кітапханашысы Гүлнар Қаражанова таныстырды. Үш бөлімнен тұратын кітап көрмесіне ұлы ойшылдың өмірі мен қызметі жайында кітаптар, фотосуреттер, дәйексөздер қойылған.

Е.БЕРКІНБАЕВ
04 ақпан 2020 ж. 1 669 0