Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыстық байқауда топ жарды

Облыстық байқауда топ жарды

Ұлттық мереке­ қарсаңында ақжарма­лық оқушылар облыс­тық байқаудың қос бірдей жүлдегері атанып, ауданымыздың атын облыс көлемінде асқақ етіп қайтты. Сү­йінші жаңалықты редак­цияға оқушыларды байқауға дайындап, қатыстырған жетекшісі Ақмарал Айқынбаева жеткізді.

Ә.Тәжібаев атындағы Қызылор­да облыстық әмбебап ғылыми кітап­ха­насында «Гүлдене бер, Қазақстан» атты жас ақындар мүшәй­расы ұйымдастырылды. Жас ақын­дар­дың шығармашылығын қол­дау, оқушыларға қанша жылдан кейін ұлтпен қайта қауышқан ұлт­тық мерекенің мәні мен маңызын насихаттау мақсатында өткізілген сайысқа аудан және қала мектептерінің оқушылары қатысқан. Байқау нәтижесі біздің аудан үшін жемісті болып, Ақжарма ауылдық кітапханасының оқырмандары көп ішінен дара шыққан. Аталған облыс­тық байқауға Сырдария ауданынан үш оқушы қатысқан. Олардың бірі бас жүлдені, біреуі бірінші орынды қанжығаға байлаған. Ал аманкелділік жас ақын арнайы «Алғыс хатпен» марапатталған.

Республика күні қарсаңында өткен облыстық «Гүлдене бер, Қазақстан» жас ақындар мүшәйрасына барлығы 12 жас ақын қатысқан. Сайыс талаптарына сәйкес қатысушылар үш кезең бойынша сынға түскен. Бірінші бөлім «Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді» деп аталған. Бұл кезең бойынша қатысушылар өзін-өзі таныстырған. Ал екінші кезең «Гүлдене бер, Қазақстан» делініп, бұл бойынша жас ақындар өздерінің жүрекжарды жыр шумақтарын Рес­публика күніне арнап оқыды. Одан кейінгі кезең «Жаныма жақын жырларым» деп аталды. Бұл бөлімде жас ақындар өз жанына жақын, еркін тақырыптағы бір өлеңін тыңдарман назарына ұсынған. Алдын ала белгіленген ереже бойынша қатысушылар байқауға бұ­рын-соңды ақпарат құралдарында жария­лан­баған өлеңдерін ұсынған. Сондай-ақ талапкерлердің жас ерекше­­лігі 11-15 жас аралығы деп бекітілген.

Еркін ойды көсіле жырлап, тыңдарман мен қазылар алқасының көңілінен шыққан ақжармалық оқырман Диана Батырбек бас жүлдені, Айхан Арысбек бірінші орынды жеңіп алған. Оқушыларды ауылдық кітапхана кітапханашысы А.Айқынбаева дайындап, додаға қосқан. Қос оқушы да ауылдық округтегі №130 Абай атындағы орта мектепте білім алуда. Бүгінде 6 сыныптың үздік оқу­шы­лары бұған дейін де түрлі бай­қау­ларда топ жарып, қа­тар­лас­тары­нан оза шауып ке­ле­ді. Ұлт­тық ме­реке қарса­ңында ұйым­­­­дас­тырылған облыстық бай­қауға да тыңғылықты дай­ын­да­лып, жең­іс­ке нық қадам басқан.

– Диана да, Айхан да – өте зерек оқушылар әрі кітапхананың тұ­рақты оқыр­мандары. Әркез кі­тап­хана ұйым­дастырған іс-ша­ра­лар­ға белсене қатысып, үз­діктер қатарынан көрініп келеді. Облыс­тық әмбебап ғылыми кі­тапхана мереке қарсаңында байқау ұйымдастырғаны туралы ақпарат келген күннен бастап екі оқушым белсенді түрде дайындыққа кірісті. Олар жүрекжарды өлең шу­мақтарын шығарып алып келді. Балалар­дың сахна мәдениетін сақтауы мен жүріс-тұрысына дейін жүйелі түрде дайындық жүргіздік. Адал еңбектің еш болмайтыны анық. Нәтижесінде қос оқушым да жүлделі орындарды иеленіп, еңбектің жемісін қайтарды. Сонымен қатар аудан намысын қорғаған аманкелділік Жайна Өркен есімді оқушы жетекшісі Гүлзада Бұрхановамен бірге тыңғы­лық­ты дайындалып келгені көрініп тұр. Аманкелділік әріптес­тер «Алғыс хатқа» ие болып, аудан мерейі үстем болды, – дейді Ақжарма ауылдық кітапханасының кітапханашысы А.Айқынбаева.

Сайысқа қатысушыларға ақын­дар А.Берік, А.Сайлауов, Өнер бөлімінің меңгерушісі К.Юсупова төрелік еткен. Жеңімпаз ақындар арнайы дипломмен және сый-сияпатпен марапат­талған.

А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
28 қазан 2023 ж. 174 0