Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 71 газет

07 қыркүйек 2024 ж.

№ 70 газет

03 қыркүйек 2024 ж.

№ 69 газет

30 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Сүт безі обыры туралы жан-жақты ақпарат беретін жыл сайынғы айлық басталды

Сүт безі обыры туралы жан-жақты ақпарат беретін жыл сайынғы айлық басталды

Онкологияның бұл түрі әйелдермен қатар, ерлерде де болады. Бірақ, әйелдерде ең көп кездесетін дерттің бірі. Өкінішке қарай, Қазақстанда сүт безі қатерлі ісігі өкпе және колоректальды обырдан оқ бойы озып тұр, деп хабарлады Қызылорда қаласындағы № 3 емхананың онколог-дәрігері Айгүл Әділова.

Маман түсіндіргендей, әдетте, бұл дерт сүт безі тінінде киста немесе түйін түрінде пайда болады. Бұл жасушалар лимфа жүйесі немесе қан тамырлары арқылы қоршаған тіндер мен мүшелерге таралуы мүмкін. Ауруды асқындырып алған жағдайда емдеу қиынға соғады. Маммография және самопальпация секілді медициналық тексерулер сүт безі обырын ерте анықтап, сәтті емдеу мүмкіндігін арттырады.

40 пен 70 жас аралығындағы сақтандырылған әйелдер тіркелген емханасында 2 жылда 1 рет сүт безі обырын ерте анықтау үшін скринингтік тексеруден өте алады. Оған келесі тексеру түрлері кіреді: сүт бездеріне ультрадыбыстық зерттеу, мақсатты маммография (1 проекция), маммография.

Қажет болған жағдайда дәрігер қосымша тексеруге жолдама береді: пункциялық/ стереотактикалық бақылаудағы аспирациялық биопсия, трепанобиопсия, күрделілігі 3 санаттағы операциялық-биопсиялық материалдың 1 блок-препаратын гистологиялық зерттеу.

Нәтижесі бойынша келесі дәрігерлерге жолдама беріледі: акушер-гинеколог, рентгенолог (рентгенограмманы 2-ші мәрте қарау), онколог немесе онколог-хирург, маммолог.

Жыл сайын қазан айында ұйымдастырылатын айлық аясында еліміздің медициналық орталықтарында ашық есік күні өтеді. Онда тегін тексеруден өтіп, маммолог-дәрігерлерден кеңес алуға болады.

Егер сұрақтарыңыз болса, сіз оларды емханаңыздан пациенттерге қолдау көрсету қызметіне хабарласып сұрай аласыз. Сондай-ақ, ыңғайлы байланыс арнасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтініш жібере аласыз: fms.kz ресми сайты, 1414 байланыс орталығы, Telegram-да SaqtandyryBot және Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы.





18 қазан 2023 ж. 127 0