Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қатерлі ісіктің алдын алу жолдары

Қатерлі ісіктің алдын алу жолдары

Әлем бойынша сүт безі қатерлі ісігі – әйел онкопатологиясында өзекті проблемалардың бірі. Бұл аурулардың пайда болуында қоршаған ортаның көптеген факторлары өз әсерін тигізеді. Дүниедегі барлық өлімнің 13% қатерлі ісік ауруларына тие­сілі.

Әйелдер арасындағы онкологиялық аурулар құрылымында сүт безі қатерлі ісігі бірінші орын алады. Егер бұрын аурудың ең биік шыңы 50-60 жастағы әйелдерде көбірек кездессе, қазіргі таңда 30-40 жастағы қыз-келіншектерде осы аурумен ауы­ратындар да жиі кездеседі.

Сүт безі қатерлі ісігі 4 сатыдан тұрады. І және ІІ сатыларда сүт безі қатерлі ісігімен радикальды (толық) емделуі ықтимал және аурулардың 80-92% бес жылға дейін өмір сүреді, ал ІІІ және ІV сатылар кеш анықталған болып саналады және бұл кезең ең қауіпті жағдайға жатады. Өкінішке орай, ісіктің ерте сатылардағы науқастар саны бұл ауру бо­йынша қаралатын жалпы әйелдер санының 10-15 пайызын құрайды. Науқастардың 50-60% бірінші қаралған сәтте сүт безі қатерлі ісігінің ІІІ және ІV сатысында болады екен.

Дерттің ІІ, әсіресе ІІІ және ІV өсу дәрежелерінде денеде ауыру сезімі ұялайды. Қолтық астында лимфа бездерінің шошынып ұлғаюы, қол бойында ісіктің көрінісі кейіннен пайда болады. Қатерлі ісікпен ауырған науқастар дерті асқынған кездерде қатты шаршап, қажиды, әлсірейді. Әлсіздік, жүдеу бірнеше күнге, аптаға, айға созылады.

Сүт безі ісіктерінің алдын алу шаралары.
Емшектен баланы шығару біртіндеп-біртіндеп орындалуы керек және әр емізуден кейін сүт сорғышпен емшекті толық сауып, босату қажет, содан кейін барып, оны сыртынан қатты қысып байлаған жөн.

Бастапқы сатысында анықталмаған сүт безінің қатерлі ісігінің қауіптілігі өте жоғары. Жалпы алғанда, бұл ауруды емдеудің хирургиялық жолмен толықтай сылып тастау әдісімен, сәулемен емдеу және де химиялық дәрілермен емдеу жолдары бар.

№2 Медициналық әлеуметтік сараптама бөлімінде 2020 жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша қатерлі ісікпен барлығы 61 науқасқа мүгедектік топ тағайындалды. Оның ішінде алғаш рет 8 мүгедек жан «Сүт безінің қатерлі ісігімен» сараптамадан өтті.

Г.ЖУНУСОВА,
№2 медициналық әлеуметтік
сараптама бөлімінің бас маманы
03 қараша 2020 ж. 494 0