Обыр адамды обып барады

Биылғы жылы аталған дертке шалдыққан ерлерде 31, әйелдерде 30 фактор кездескен. Оларды жұмысқа қабілетті және зейнеткер қатарына жатқызады. Қазақстан Республикасында онкологиялық ауруға қарсы күрес жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған кешенді жоспар бойынша биылғы жылға бекітілген мақсатты индикатор – 47,1 процентті құрайды. Ал аймақ бойынша сүт безі, жатыр мойны, тоқ және тік ішек қатерлі ісігі бойынша көрсеткіш едәуір жоғарылаған. Ал дерттің асқынған түрі соңғы 10 айда анықталмаған.
Сонымен қатар өлім-жітім көрсеткішінің қазіргі жай-күйі облыс бойынша І орынды асқазан қатерлі ісігі, ІІ орынды сүт безі қатерлі ісігі, ІІІ орынды ауыз қуысының қатерлі ісігі, бас-ми қатерлі ісігі, лейкоз құрайды. Аудандық аурухананың онколог-маммолог дәрігері А.Күлекеева обыр дертінің жалпы облыс көлеміндегі ахуалды осылайша сараптады. Қазіргі таңда көзбен көріп, қолмен ұстау арқылы анықталатын ауруға тері обырымен қатар бірнеше ауру түрін жатқызады. Арнайы ауруханада мамандардың көру бөлмесі жасақталған. Бұл жерде онкологиялық дертке қатысты мамандар сараптама жасап, талдау нәтижесін шығарады. Дерттің анықталу үшінші сатысы асқынған түрі болып табылады. Сонымен бірге скринингтік тексеру барысында маммография қорытындысымен қатерлі ісіктің ерте сатысы анықталған жағдайда дәрігердің бақылауында болып, ем-шара жүргізіледі.
Бірінші байлықтың бағасын білген әрбір адамның өміріне араша түсу – дәрігердің басты міндеті. Дегенмен айтып келмейтін кесапат кеселге ұшырамас үшін денсаулыққа мұқият қараған дұрыс. Әр адамның денсаулығы – жан байлығы.
Б.ОРДАБЕКОВ