Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қарттарым, қасиетіңнен айналайын!

Қарттарым, қасиетіңнен айналайын!

Ақылман ақ пейілді даналарым,
Ел үшін қымбат әркез бағаларың.
Қарттарым, қасиетіңнен айналайын,
Бәріне нәсіп болсын бағы Алланың!


Жүзіңде нұр ойнаған, шуақ толған,
Аталар бүтін ұлтқа қуат болған.
Абыз да, данагөй де Сіздерсіздер,
Нәр алған сарқылмайтын бұлақтардан.

Тілеуін тілейтұғын балалардың,
Киелі ақ жаулықты аналарым.
Бүгінде асыл әже болдыңыздар,
Тұрақтап биігіне ақ арманның.

Бақ дарып, ақ батаға толсын ғалам,
Болсыншы бұрынғыдан мол сыбағаң.
Халықтың ырыс-құты, бақ-байлығы,
Ардагер ата-әжелер болсын аман!

А.Ибрагимұлы
30 қыркүйек 2023 ж. 233 0