Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Анаға арналған тілектер

Анаға арналған тілектер

Ана – әлемнің шамшырағы, бесіктің иесі, өмірдің керегесі. Анаға қанша тілек, қанша мақтау мен алғыс айтсақ та, аз емес. «Жақсы сөз – жарым ырыс» демекші, анаға жылы да жұмсақ сөз айтуды, алғыс білдіру мен мейірім танытуды ешқашан ұмытпайық.

Сондықтан да аналарға арналған тілектерді топтастырып, оқырман қауымның назарына ұсынуды жөн көріп отырмыз.

***
Ананың аялы алақаны мен жылы жүрегіне, шексіз мейірімі мен кіршіксіз таза көңіліне тең келер ештеңе жоқ. Сондықтан да біздің аяулы аналарымыз бен ардақты әкелеріміз аман болсын.

***
Қадірменді арулар! Баршаға қадірін бағалатқан ізгілігі мол қазақтың ару қыздары болуларыңа шын жүректен тілектеспін.

***
Аналарымызға айтарымыз: өміріңіз көзге көркемдік сыйлайтын сәулетті, ал әулетіңіз дәулетті болғай. Лайым, ортамызда жыры, нұры, ұлағатты ұйытқысы болып, жасыңызға жас қосыңыз, көңіліңізде көктем әні шырқалсын. Денсаулыңыз қуатты, ғұмырыңыз шуақты болғай. Ұрпақтарыңыздың қызығы мен қуанышын көруге жазсын.

***
Анамызға мол бақыт, қажымайтын қажырлы күш-қуат, сонымен қатар, әрине, бірінші байлық – денсаулық тілейміз.

Жанары қуаныштан бал-бұл жанып, жанына жамандықтан келмей, айналасындағыларға пана болып, аман-есен жүре беріңіз.

Аяулы Ана! Жасыңыз 100-ге келіп, ортамызда қызығымызға тоймай жүре беріңіз.

***
Анамызды бүгінгі мерейлі 55 жасымен құттықтаймыз! Жалпы, өмірде «5» деген сан – өте жақсы сан, баламыз «5» алып келсе қуанамыз, болмаса, өміріміз, хал-жағдайымыз «5» десе, қуанамыз. Әрдайым қуанышта жүріңіз, «Ұлы бар үйде қуат бар, қызы бар үйде шуақ бар» деген, әрдайым қуатты, шуақты болыңыз, Анашым!

***

Әйелдер нәзік жандар ғой, мына өмірде «Еркелетсе – жеңеді, ашуланса – жеңіледі» дейді. Жүздеріңізден ашу көрінбей, тек қана еркелік көрінсін.

***

Аузынан ақ батасы түспейтін абзал Ана – бүгінде берекесі ортаймайтын отбасымыздың ырысы мен құты.

Алла Тағала тек ұрпақтың тамырын тәрбиенің таза шырынымен сусындатып отырған қазыналы анамыздың күш-қайратын еселей түссе екен деп тілейміз.

70-тің төрінен, 100 жастың жиегінен көрініңіз, абзал Ана. Сіз – біздің береке, байлығымызсыз. Ендігі көрер күніңіз көктемнің көгілдір күніндей шуақты болсын.

***

Анамызға шынайы көңілден айтар ақ тілегіміз: жанарыңыздың күлкі кетпесін, жаздай жадырап, көктемдей құлпырып, арамызда аман-есен жүре беріңіз.

Әлемдегі барлық жақсылықты өзіңізге тілеп, ғұмырыңыздың арайлы да шуақты шақтары мол болсын дегіміз келеді. Мейірім шашқан нұрлы жүзіңізді мұң шалмасын, көңіліңізге ешқашан кірбің түспесін. Немерелеріңіздің қызығына батып, шөберелеріңіздің қолынан су ішіп, шөпшек көруді нәсіп етсін.

***

Кең пейілді, жаны жұпар, жанұямызға жылу болған Анамызға он сегіз мың ғаламның жақсылығын, дүниенің шуағын, мың ғаламның жақсылығын, дүниенің шуағын, өмірдің қызығын, жүрегіне Алланың нұрын тілейміз. Өмірдің көзге көркемдік сыйлайтын сәулеті, ал әулетіміздің дәулеті болғайсыз. Басыңыздан бақ таймасын, шаңырағыңыздан шаттық әні үзілмесін.

Денсаулығыңыз қуатты, ғұмырыңыз шуақты болсын. Әкем екеуіңіз ұзақ ғұмыр кешіп, ортамызда аман-есен жүре беріңіздер. Немере-шөберелеріңіз көбейіп, ұрпақтарыңыздың қызығы мен қуанышын көруге жазсын.

massaget.kz



20 қыркүйек 2020 ж. 1 304 0