Манарбек Тұрсынбеков: Жастарды еңбек етуден жалықпауға шақырамын
Бүгінде ауыл шаруашылығы саласы – ел экономикасының негізгі тірегі болғандықтан, онда қызмет ететін әрбір маманның жауапкершілік жүгі жеңіл емес. Солардың қатарында – «Мағжан и К» ЖШС бас агрономы Манарбек Тұрсынбеков та бар.
Ол Сыр салысының сырын жақсы меңгерген. Олай дейтін себебіміз, ол осы салада 10 жылдан астам адал еңбегімен қызмет етіп келеді. Жыл сайын ерте көктемнен атыз жағалап, қамбаға мол өнім жинау үшін барын салады.
Бүгін Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында еңбегімен елдің батасын алған Манарбек Күмісбайұлы БАҚ өкілдеріне өзінің жұмысының барысын баяндады.
–2012 жылдан бастап ауыл шаруашылығы саласында оның ішінде күріш егумен айналысып келе жатырмын. Осы уақыт аралығында Сырдың басты брендіне айналған ақ күріштің сырын жақсы меңгеріп, күзгі егін жинау маусымында мол өнім жинап келеміз. Қазіргі таңда менімен бірге 10-ға жуық адам еңбек етеді. Барлығымыз ерте көктемнен күріш егумен айналысып, жаз бойы осы егіннің басында жүреміз. Өздеріңіз білетіндей, соңғы жылдардағы су тапшылығы шаруаларға қиындық келтіруде. Дегенмен, жаңа технологиялардың көмегімен барлығы реттеліп келе жатыр. Биыл 4860 гектардан 3700-ден астам центнер өнім жинадық. Қазір де өнім жинау тоқтаған жоқ. Жалпы біз 2 түрлі сорттағы күрішті егеміз. Өзім осы салада қызмет ететініме ризамын. Жыл сайын еңбегіміз еленіп, халық батасын беріп жатады. Сондықтан, жастарды еңбек етуден жалықпауға шақырамын!, - деді Мағжан и К» ЖШС бас агрономы Манарбек Күмісбайұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі