Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Кеңес отырысында жастар үшін маңызды мәселелер қаралды

Кеңес отырысында жастар үшін маңызды мәселелер қаралды

«Amanat» партиясы жанындағы жастарды қолдау бойынша аймақтық кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.

1. Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың кезекті Жолдауының орындалу міндеттерін талқылау. 

2. Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету. Олардың лайықты тұруы мен оқуы үшін жағдай жасау.

3. Оқу орындарында «Жастар рухы» Жастар қанаты бөлімшелерінің жұмысын жандандыру.

Кеңес отырысына жастарды қолдау бойынша кеңестің мүшелері, мәслихат депутаттары, оқу орны басшылары, жастар рухының мүшелері қатысты.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Сырдария аудандық мәслихаты депутаты Ақтөре Ибрагимұлы мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты биылғы жолдауының маңыздылығына тоқталып өтті.

«Жастар рухы» ЖҚ студенттердің өмір сүру деңгейінің сапасын арттыру, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында ЖОО және ТжКБ жанындағы студенттік жатақханаларға жүйелі мониторинг жұмыстарын жүргізіп келеді. Мониторинг жүргізудің мақсаты – оқу орны ғимараттарының дайындығын зерделеу және жатақханалардың санитарлық нормаларға сай екенін тексеріп, тұрмыстық жағдайларға сәйкес келмейтін фактілерін анықтау.

Осы ретте, күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша облыстық білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің статист маманы Е.Жаматов баяндама жасады.

Сонымен қатар, Жастар рухы» ЖҚ облыстық филиалының төрағасы Асет Баймұрза ағымдағы жылдың тамыз айында жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесімен бөлісті.

Кеңес отырысына қатысушылар күн тәртібінде қаралған мәселер бойынша сұрақтар қойып, пікір алмасты.

Айта кетейік, алдағы уақытта жатақханаларға мониторинг жұмыстарын жүргізу жалғасатын болады.
28 қыркүйек 2023 ж. 231 0