Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті

Кеңес жиынына облыстық мәслихаты депутаттары М.Ералиев, Б.Дүйсенбек, Е.Аяғанов, облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің бас маманы Ж.Сагиндыкова, «Облыстық жастар денсаулык орталыгы» КММ директоры Г.Нысанова, «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының орынбасары Т.Тілес «Рухани жаңғыру» КММ бөлім басшысы Ш.Қаратайұлы және жастар ұйымдарының жетекшілері қатысып, аудандық өкілдер ZOOM платформасы арқылы қосылды.

Кеңес отырысының күн тәртібінде 4 мәселе қаралды.

«AMANAT» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің өзгертілген аймақтық құрамы және ережесімен танысу;

«Жастар – Отанға!» бағдарламасының және оны іске асыру жөніндегі облыстық жол картасындағы 5 негізгі бағыттың орындалуына жауапты кеңес мүшелерін бекіту;

«AMANAT» партиясы жанындағы Жастар қанатының 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспары мен медиа жоспарын талқылау, бекіту;

Жастар саясаты саласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іс-шаралар өткізуге бөлінетін қаржы.

Жиын барысында «AMANAT» партиясы жанындағы облыстық Жастар қанантының төрағасы М.Жорабек аймақтық кеңес құрамы мен ережені таныстырып, медиа жоспарға сәйкес ұсыныстар тыңдалды. Сонымен қатар қатысушылардың келісімімен «Жастар – Отанға!» бағдарламасының және оны іске асыру жөніндегі облыстық жол картасындағы 5 негізгі бағыттың орындалуына жауапты кеңес мүшелері бекітілді.

Расул ЕСЕНОВ,
облыстық мәслихат депутаты,
«Amanat» партиясының мүшесі




22 сәуір 2022 ж. 695 0