Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Жастарды қолдау жөніндегі кеңес отырысы өтті

Жастарды қолдау жөніндегі кеңес отырысы өтті

Бүгін аудандық партия филиалының мәжіліс залында партия филиалы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті. Аталмыш отырысты кеңес төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Ақтөре Ибрагимұлы ашып, жүргізді. Кеңес отырысының күн тәртібінде 2 мәселе қаралды:

1. А.Тоқмағанбетов ауылдық округі бойынша жастар саясатының жүргізілу барысы туралы;

2.Сырдария аграрлы-техникалық колледжіндегі жастар саясатының жүргізілу барысы туралы;

Күн тәртібі бекітілген соң алғашқы мәселе бойынша А.Тоқмағанбетов ауылдық округінің әкімі Ғ.Алданазаров кеңес мүшелері алдында өз есебін берді. Күн тәртібіндегі екінші мәселеге сәйкес Сырдария аграрлы-техникалық колледжінің жастар ісі жөніндегі маманы Г.Исмаилова баяндама жасады. Кеңес отырысының күн тәртібіне ұсынылған мәселелер толық қаралып, шешім қабылданды.
26 сәуір 2022 ж. 814 0