Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті
Бүгін аудандық партия филиалының мәжіліс залында аудандық партия филиалы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті. Аталмыш отырысқа аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Еркебұлан Жақып, аудандық мәслихат депутаты, кеңес төрағасы Ақтөре Ибрагимұлы және кеңес мүшелері қатысты. Кеңес отырысының күн тәртібінде үш мәселе қаралды:
1. Мемлекеттік қызмет саласында жұмыс жасауға ынталы жастарды және жас мемлекеттік қызметшілерді қолдау бағытындағы іс-шаралар туралы;
2. Жастар денсаулық орталығының 2022 жылы атқарған жұмыстарының есебі туралы;
3. Айдарлы ауылдық округі бойынша жастар саясатының жүргізілу барысы туралы;
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының бөлім басшысы Мұрат Жәмиев баяндама жасап, жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыру және жас мемлекеттік қызметшілерді қолдау шаралары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық жастар денсаулығы бөлімінің дәрігері Байниязова Айдана Асылханқызына сөз беріліп, орталықтың атқарып жатқан жұмыстарын баяндады. Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша Айдарлы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ережеп Есенкелді Айдарлы ауылдық округі бойынша жастар саясатының жүргізілу барысы туралы хабарлама жасалды.
Аталмыш отырыстың қорытындысы бойынша шешім қабылданып, бірқатар ұсыныс жасалды.