Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Туляремия ауруы туралы білесіз бе?

Туляремия ауруы туралы білесіз бе?

Туляремия – қоздырғышының таралу механизмі әртүрлі болып келетін табиғи ошақты клиникасында интосикациямен, қызбамен, лимфа түйіндерінің және басқа жүйелердің зақымдалуымен жүретін, зоонозды жедел инфекциялық ауру.

Қоздырғышы - Frahcisellatularehsis, Francezella туысы, Brucellacea тұқымдасына жатады. Ұсақ кокк тәрізді және таяқшалар, капсула түзеді, эндотоксин бөледі, сыртқы ортада төзімді. Гр «-». Қоздырғыштың 3 түрі бар:

- арктикалық емес (американдық)
- орта азиаттық
- галарктикалық (еуропа-азиаттық)

Туляремия кең тараған, спородикалық қызбамен өтетін, табиғи ошақты болып кездесетін ауру. Табиғи ошақтың 5 түрі бар: орманда, қырда, таулы-өзенді, тоғайсыз, тундралық. Әрқайсысының өз ерекшелігі бар.

Инфекция көзі – әр түрлі жабайы омыртқалы жануарлар (кеміргіштер, қояндар, тышқандар), ауылшаруашылық жануарлар (қой, шошқа, ірі қара малдар, солтүстік бұғысы), үй жануарлары (иттер), ихсод кенелері.

Таралу механизмі – контактілі, қарым-қатынас арқылы (зақымдалған тері жабыны, шырышты қабат арқылы), тағам арқылы, ауа-шаң, трансмиссивті (тістеп алса немесе кене, масаны езіп жіберсе жұғады). Жаз, күз айларында жиі кездеседі. Иммунитет өмір бойы сақталады.

Қоздырғыш ағзаға жарақатталған тері арқылы немесе тыныс жолдарының және көздің шырышты қабаты арқылы енеді. Кіру қақпасы аурудың клиникалық түрін анықтайды. Кіру орнында инфильтрация мен қабыну ошағы дамиды, жиі қоздырғыш жергілікті лимфа түйіндеріне түседі, онда көбейіп, біртіндеп өледі. Эндотоксин бөледі, ол қанға сіңіріліп (токсинемия), интоксикацияға әкеледі. Регионерлік лимфа түйіндерінде некрозбен іріңді қабыну дамиды (біріншілік бубондар).

Туляремияда спецификалық туляремиялық гранулема түзіледі (ортасында некроз болады), олар ішкі мүшелерде лимфа түйіндерінде және әсіресе біріншілік бубондарда түзіледі.

Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 7 күнге дейін, кейде 10 күн болады.

Интоксикациялық симптомдар: қалтырау, дене қызуының жоғарлауы, бас ауру, бұлшық еттердегі ауырсыну (аяқ, бел, арқа бұлшық еттері), ұйқысының бұзылуы, тәбетінің төмендеуі, құсу, галлюцинация. Беті, коньюктива, ауыздың шырышты қабаты, жұтқыншақтың бозаруы және гиперемиясы және склера тамырларының иньекиясы байқалады. Гепатомиенальды синдроммен жүреді. Кейбір науқастарда эритема, разеола, симметриялы петехиялар кездеседі.

Бубонды түрінде – ауру басталғаннан 2-3 күні біріншілік бубон түзіледі. Жиі қолтық асты, жақ асты бубондары болады, түйіндер қатты, ауырсынбайды, қозғалмалы, шеті айқын.

Жаралы – бубонды түрі: қарым-қатынас және трансмиссивті жолмен жұққанда дамиды. Қоздырғыш енген орнында дақ түзіледі (біртіндеп 6-8 күнде).

Көз – бубонды түрі коньюктива арқылы түскенде 1-2% жағдайда кездеседі. Біржақты зақымдалу тән. Коньюктива қызарады, одан кейін папула жараға айналады, қабақтың ісінуі, алдыңғы мойын, құлақ маңы, жақ асты лимфа түйіндері ұлғаяды. Бірніші аптадан айға созылады. Тамағында аздаған ауырсыну болады, аурудың 4-5 күні бадамша безі ұлғаяды, кір-сұр түсті жабынмен жабылады. Баспамен біржақты лимфаденит болады. Мезантериальды лимфа түйіндерінің зақымдануымен сипатталады. Науқастар іштегі қатты ауырсынуға, құсу, іш өтуге шағымданады. Пальпацияда сезіледі.

Өкпелік түрі – бронхтық және пневмониялық варинтпен жүреді. Құрғақ жөтел, кеуде артында ауырсыну, құрғақ шашыраңқы сырылдар естіледі. Субфебрильді қызба. Ауру ұзақтығы 8-12 күн.

Пневманиялық түрі – қабыну мен ауыр ағыммен сипатталады, кеудеде ауырсыну, құрғақ жөтел, шырышты іріңді немесе қанда қақырық болуы тән. Рецидив болуы тән.

Генерализденген түрі – ауыр ағымды, тиф тәрізді немесе септикалық вариантпен жүреді, регионарлы лимфаденитке тән.

Алдын-алу: Тірі туляремиялық вакцинаны егу – аурудың алдын алудың негізгі және сенімді әдісі. Дегенмен егудің маңыздылығын түсінбеген кейбір адамдар екпе қабылдамай, туляремия жұқпасы ошағында жұқтыру қаупін туғызады. Егілген адамдарда туляремияға қарсы иммунитеттің түзілуі екпе жүргізілгеннен кейін 15-20 күні басталып, 5 жылға дейін сақталады. Жұқпа ошағында тұратын адамдардың барлығы 7 жастан бастап егілуі тиіс.

Аурудың алдын алуда жеке бас тазалығын сақтау шаралары маңызды: сапалы қайнаған су пайдалану, азық - түлікті ауру кеміргіштердің бөлінділерімен ластанудан қорғау. Залалданған суат суына түсуге және пайдалануға рұқсат етілмейді. Су көздері сәулелендіріліп, ашық су қоймаларынан алынатын ауыз сулар жүйелі түрде хлорлануы керек.

Алдын алудың басқа маңызды шарасы – туляремия жұқпасын тасушы кеміргіштерді жою. Мақсатты агротехникалық іс-шараларды жүргізу кеміргіштер санының азаюына мүмкіндік туғызады. Бұдан басқа, кеміргіштердің табиғи жаулары бар – үкі, лашын, түлкі, сасық күзен және басқа жыртқыш аңдар мен құстар. Сондықтан мүмкіндігінше құстар мен аңдарды қорғау керек.

Елді мекендерде үйлердің, қоймалар мен құдықтардың жалпы санитарлық жағдайын жақсарту жұмыстарын тұрақты жүргізіп, аумақты қоқыс және қалдықтардан дер кезінде тазалап отыру керек. Қора-қопсыларда, бөлмелерде кеміргіштердің інін цементпен, темірмен бітеп, азық түліктерді жабық күйде (контейнерлерде, ыдыстарда және т.с.с.) сақтау арқылы азық - түлік өнімдеріне кеміргіштердің енуіне тосқауыл қойылуы тиіс. Кеміргіштерді жою үшін қақпан, сонымен бірге уланған жемдерді пайдалануға болады.

Кенелерді жою жұмыстарын көктем және күзде жүргізіп, улы химикаттар пайдалану керек. Далалықта жүргенде кене шағуын болдырмау мақсатында репелленттерді (шыбын-шіркейлерді үркітетін ерітінділер) пайдалану керек, сонымен бірге ұзын жеңді киімдер киіп, жейденің жеңі түймеленіп, шалбар балағын шұлық ішіне салып және күніне киімді және денені бірнеше рет қарап шығу керек.

Құндыз, қоян аулаушы аңшылар міндетті түрде туляремияға қарсы егілуі тиіс және теріні дайындау, сақтау және тасымалдау ережесін бұзбауы керек.

Су тышқандары, құндыз және өзге аңдардың жаппай қырылу жағдайлары тіркелгенде жергілікті денсаулық сақтау мекемелеріне жедел хабарлануы тиіс.

Осы аурудың белгілері байқалған адамдар дәрігерлік жәрдем алу үшін медициналық мекемелерге дереу қаралуы керек.

Фото: ашық дереккөзден
25 қыркүйек 2023 ж. 276 0