Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Дерматомикоздың алдын алу

Дерматомикоздың алдын алу

Дерматомикоз – бұл адамдар мен жан-жануарларда кездесетін микроскопиялық таз ауруы – дерматофитке әкеп соқтыратын жұқпалы індет.

Сырдария ауданы бойынша өткен 2022 жыл қорытындысымен дерматомикоз ауруының 20 жағдайы есепке алынды. Барлығы 14 жасқа дейінгі балалар, ауырғандардың 50 пайызы мектеп оқушылары болса, қалған 50 пайызы ұйымдаспаған топ балалары үлесінде болып отыр. Облыстық тері аурулары ауруханасында стационарлық ем қабылдағаны – 9, амбулаториялық ем қабылдағаны – 11. Тіркелген барлық ошақтарды эпидемиологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қорытынды залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Індет ауру адамнан және жануралардан (мысық, ит, мүйізді малдан) жұғады. Ол күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар (тарақ, жөке, киім және т.б.) арқылы, ауру адаммен байланыс орнатқанда, үй жануары және қаңғыбас жануарларды күту кезінде жұғуы ықтимал. Адамдар сонымен қатар, көпшілікке қызмет ететін мекемелерге барғанда (сауна, жасанды су қоймасы, монша, шаштараз, спорт кешендері), жеке гигиенаны сақтамағанда, ауру адамның тарағы, сүлгісі, бас киімдері, аяқ киімі, жөкесі тәрізді жеке заттарын қолдану барысында жұқтырады.

Ауру алдымен терінің бұзылуы (қабыршақтану), тырнақтың сынуы, бастың шаш орналасқан бөлігінің тақырлануы түрінде байқалады. Шаштың түсуі көбіне жас бүлдіршіндерде кездеседі.

Дермотомикоздар – бұл таз ауруына әкеліп соқтыратын жұқпалы тері ауруы. Дермотофиттер теріде, ірі қара малдың мүйізінде, яғни терінің керантинді жерінде дамып отырады. Таздың белгілері теріде ғана білінеді. Дерматофиттердің осындай белгілері физиологиялық ерекшеліктеріне жағдай жасайды: оттегіні қажет етушілік, көміртегі, азот және минералды тағамдардың жинақталған көзін, белгілі мөлшердегі ылғалдылық, температура және қоршаған ортадағы қышқылдылық. Тері – дермотофиттердің дамуына жағдай жасайтын орта болып табылады. Дермотофиттердің қауіптілігі олардың сыртқы ортада тұрақтылығына байланысты.

Адамдар мен жануарлар тікелей қарым катынаста жұқтыруы мүмкін. Грибоктары мысықтарда болатындықтан аурудың белгілері білінбей қалады. Бұрын микроспориямен ауырмаған жануарлардан ауру қоздырғыштарын анықтау өте қиын, ал осындай уақытта қайталап ауырған мысықтарда ауру тасымалдағыштар 100 пайызға жоғарлайды. Адамдар үшін аса қауіпті инфекция көзі болып, жасырын формадағы микроспория түрімен ауырған мысықтар болып табылады. Дермотомикоздарды кең таратушылар үйсіз, иесіз иттер мен мысықтар болып табылады.

Дермотомикоздардың алдын-алу кешенді іс-шараларына ауруды өз уақытында анықтау, науқастарды оқшаулау және емдеу, аурудың қоздырғыш көздерін анықтау және науқастармен қарым – қатынаста болғандарды тексеру, науқастардың төсегіне, киіміне және тұтынған заттарына залалсыздандыру жұмыстарын жасау, шаштараздарға және моншаларға санитарлық бақылау жүргізу жатады.

Дерматимакоздың алдын алу үшін:

Жеке гигиеналық заттарды қолданыңыз;

Қоғамдық орындарға барып келгеннен соң қолыңызды мұқият сабынмен жуыңыз;

Қаңғыбас жануарлардан аулақ жүріңіз;

Үй жануарларын уақытылы мал дәрігеріне көрсетіп, ектіріп тұруды назардан тыс қалдырмаңыз;

Егер сіздің айналаңызда микоз ауруымен ауыратындар болса, жеке гигиеналық тазалыққа көңіл бөліңіз.

Індетті жұқтырып алған жағдайда не істеу керек:

Ең алдымен үрейленбеңіз;

Өздігінен жазылып кетеді деп қол қусырып отырмаңыз; 

Өздігінен ем жүргізбей, дерматолог-дәрігерге қаралғаныңыз абзал!


Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық 
бақылау басқармасы
24 ақпан 2023 ж. 653 0