Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Мәдениет саласы өкілдеріне жолдау насихатталды

Мәдениет саласы өкілдеріне жолдау насихатталды

Аудандық мәслихат депутаты А.Ибрагимұлы аудандық мәдениет үйінде, сала қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесуде Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» тақырыбындағы Жолдауынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру мен жоспарлар туралы пікірлесіп, өз ойымен бөлісті.

Халыққа мәдени қызмет көрсетіп жүрген сала мамандары Жолдауды ұжым болып тыңдап, өзара талқылапты. Мәселен, аудандық мәдениет үйі директорының орынбасары А.Садықов Жолдаудың маңызды және стратегиялық құжат болып табылатынын, сондай-ақ қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету екенін айтты. Бұл – өте дұрыс пікір. Ол үшін өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет.

Еркін форматта ұйымдастырылған басқосуда соңғы жылдары елімізде ауқымды саяси реформалар жүргізілгені жөнінде әңгімеледім. Балалардың қауіпсіздігі туралы өз пікіріммен бөлістім. Сонымен қатар, сала қызметкерлерінің ұсыныс-пікірін тыңдалып, сұрақтарына жауап қайтарылды.
21 қыркүйек 2023 ж. 147 0