Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бюджеттік сала өкілдерімен кездесті

Бюджеттік сала өкілдерімен кездесті

Бүгін аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Жақып Еркебұлан Төлепбергенұлы Тереңөзек кенті мәдениет үйінде бюджеттік сала өкілдерімен кездесу өткізді. Аталмыш кездесуге «Halyk bank»-тің Сырдария аудандық филиалының аға менеджері Ахантаев Бағлан қатысты. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінде жариялаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауындағы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері бойынша түсіндірме жасалды.

Жолдауда Президент Қ.Тоқаев «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл – стратегиялық міндет. Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес. Үкімет агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс.», – деп нақты атап көрсетті. Сонымен қатар субсидия бөлуге және оның жұмсалуына жүргізілетін бақылауды күшейту керектігі, шаруалардың өзара ұжымдасуы ауыл шаруашылығын дамытуға жол ашатындығы, биылғы Жолдауда ашып айтылғандығын, – Е.Жақып атап өтті. Өз кезегінде аталмыш кездесуге қатысушылар биылғы Жолдаудың әсерлі болғандығын, елдегі саяси өзгерістердің логикалық жалғасы болғандығын айтып, кездесуді қорытындылады.
20 қазан 2022 ж. 477 0