Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері Жолдауды талқылады

Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері Жолдауды талқылады

Бүгін аудандық партия филиалының мәжіліс залында денсаулық сақтау саласы өкілдерімен кездесу өтті. Аталмыш кездесуге аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Жақып Еркебұлан және ақпараттық – насихаттық топ мүшесі Ерманов Қайрат қатысты. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы насихатталды.
Жиын барысында Жолдаудың басым бес бағыты кеңінен талқыланып, Конституциялық реформаның негізгі бағыты - саяси-әлеуметтік жүйені жаңғырту арқылы әділетті Қазақстанды құру екендігін айтылды. Жолдауда ұсынылған реформалардың барлығы халықтың әл-ауқатын арттыру, жастар мен ауыл шаруашылығын қолдауға үлкен қаражат бөлу, барлық әлеуметтік төлемдерді индекстеу, зейнетақыларды қайта қарау, 100 мың жасты жұмыспен қамту, жас кәсіпкерлерді жеңілдікпен несиелендіру, жаңа салық саясатын енгізу, заң және тәртіп, су ресурстарының тапшылығы, жол жөндеу, ауылдағы медицинаны дамыту, пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару және басқада өзекті мәселелердің барлығын қамтыды.
Кездесу соңында сала қызметкерлері биылғы Жолдаудың денсаулық сақтау саласын одан әрі дамытуға бағытталғандығын айтып, маңызды құжатты қуаттайтындықтарын жеткізді.

"ТТ" ақпарат

21 қазан 2022 ж. 332 0