Фракция отырысы өтті
Бүгін "Nur Otan" партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында аудандық мәслихаттағы партия фракциясының отырысы өтті. Отырысты фракция жетекшісі, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып ашып, жүргізіп отырды. Отырысқа фракция мүшелері және аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Е.Ахетов қатысты. Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.
1. «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Сырдария ауданы бойынша 2021 жылы атқарған қорытынды есебі және 2022 жылға арналған жоспарлары туралы;
2. Сырдария аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясы мүшелерінің рейтингісі бойынша;
Күн тәртібіндегі 1-інші мәселе бойынша аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Е.Ахетов хабарлама жасады.
2-інші мәселе бойынша аудандық партия филиалының консультанты Б.Ахметовтың баяндамасы тыңдалды. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданды.