Қауіп қайдан демеңіз...
Адам өміріне қауіп төндіретін су, от секілді тілсіз жаудың қатарына иістен улануды да жатқызуға болады. Пештен шығатын газдан улану соңы кейде өліммен аяқталуы да мүмкін.
Елімізде соңғы жылдары иістен улану оқиғалары көп кездесуде. Бұл тұрғындардың салғырттығынан немесе қарапайым ережелерге мән бермеуінен орын алады. Сондықтан жылу беру маусымы кезінде тұрмыстық пештің ақаулығынан түтін шығу жағдайларының және пештен шыққан көмірқышқыл газымен улану жағдайларының алдын алу және болдырмау мақсатында Сырдария ауданының төтенше жағдайлар бөлімі төмендегі қауіпсіздік шараларын есте сақтауларыңызды сұрайды:
1)Пешпен жанатын конструкциялардың ара қашықтығы белгіленген мөлшерде сақталуы тиіс. Пештің алдында еденге 50х70 см қаңылтыр қағылуы тиіс.
2)Түтін жолдарында жарық болса сыланып, әктелуі және ай сайын күлден, ыстан тазартылуы қажет.
3)Жылу жүйелері мен қондырғылары от жағу мерзімінің алдында тексеріліп, жөндеуден өту керек.
4)Түтіннің иісі шыққан кезде немесе өрт болған жағдайда жылдам «101» телефонына хабарлаңыз, өрттің мекен-жайы, орны туралы, аты-жөнін толық айтып жеткізу маңызды.
5)Жағылып тұрған пешті бақылаусыз қалдыруға және балаларға тапсыруға тыйым салынады.
6)Әрбір ата-ана балаларды бақылаусыз үйде қалдырмауы және есікті сыртынан құлыптап кетпеуі тиіс.
7)Төсек орнында темекі шегуге жол бермеу керек.
Сырдария аудандық төтенше жағдайлар бөлімінде 21-4-94 нөмерлі сенім телефоны жұмыс жасайды.
Сырдария аудандық төтенше жағдайлар бөлімі
Фото: ser-per.kz