Тұрғын үйді өрттен сақтауда ережеге мән берейік
Жеке тұрғын үйлерде өртті болдырмау мақсатында, өрт қауіпсіздігін сақтау, өрттің тілсіз жау екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Сонда да болса өрт оқиғалары жеке тұрғын үйлерде көп орын алып отыр. Кейбір адамдар ойлауы мүмкін қыс уақытында өрт болмайды деп, ойлағандар қателеседі.
Қыс мезгілінде жеке тұрғын үйлерде ережеге сай салынбаған жылу пештерінің ақаулығынан өрт оқиғалары кездесіп жатады. Қысқа әзірліктің бірі – жылыту құралдарын мұқият дайындау.
Дұрыс күтім жасалмаған, сондай – ақ дұрыс соғылмаған жылу пештері талай азаматтарды сан соқтырып жатыр. Негізінен ереже бойынша пештің түтін жолдары 3 айда бір рет ыстан тазартылып отыру қажет.
Пештің түтін жолдары үйдің негізгі құрылысынан дербес орналастырылады. Үйдің қабырғасы және жабуы қималарындағы жанбалы құрылыс материалдарымен түтін жолы аралығында бос аралық (противопожарная разделка) кесекпен қаланған көлемі 38 сантиметр, отқа қарсы төзімділік құраммен өңделген қорғағыш пайдаланғанда 25 сантиметрге дейін бос аралық қалдырылуы тиіс.
Бұндай бос аралық көлемі балабақша, аурухана, мектептерде, асханаларда көлемі 51 сантиметр болуы шарт. Жылу пешінің алдындағы еденге көлемі 50Х70 сантиметр қаңылтыр қағылады.
Жылу пешін еденнің бетіне орнатуға болмайды. Уақытша қолдан жасалған темір пештерін орнатқан жағдайда, темір пештерінің аяқтарының биіктігі 0,2 метрден кем болмауы тиіс, еденнің бетіне бір қатар кесек өріліп, батпақпен сыланып темір пеш орнатылады.
Ағаш конструкцияларынан және ағаш жиһаздардан 1 метр қашықтықта, беті сыланған қабырғалардан 0,7 м қашықтықта орнатылуы тиіс.
Негізінен келгенде пешті арнайы мамандығы бар кісілерге соқтырған жөн. «Өрт – тілсіз жау» – деп бекер айтпаған.
Қыстың күні боранда пештің тартпай қалуы, немесе саңылауларынан от қашуы салдарынан оны қайта соғып әбігерге түспес үшін осы күннен, яғни жылылық кезде дұрыстап, өрт қауіпсіздігі талаптарына сай етіп соғып алу қажет.
Пеш дұрыс жанбаған немесе жан – жағынан жалын шашқан жағдайда тездетіп арнайы маманға көрсетіп алған дұрыс. Аяқ астынан шыққан өрт зардабы орны толмас өкінішке душар етеді. Бұл апаттан сақтану үшін әрбір тұрғын үй иесі сақтық шараларын жасауы керек.
Ескертпе: Сырдария ауданының төтенше жағдайлар бөлімі қызмет-керлерінің жұмыс барысында әлдебір келеңсіз жағдайларды байқасаңыз 21-4-94 нөмірлі сенім телефонына хабарласыңыз.
Сырдария ауданының төтенше
жағдайлар бөлімі
жағдайлар бөлімі